Әр салаға еңбегі сіңген үздіктер марапатталды

Жаңалықтар
962

Қазақстан Президенінің  «Алтын сапа» сыйлығы байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының марапаттау рәсімі аясында «Iскер», «Бизнес кемелділік»,  «АруАна» бизнесте тану» сыйлықтарының жеңімпаздары, сонымен қатар Qazaqstan Project Management Awards – 2022 – сапа саласында ТМД сыйлығының номинанттары марапатталды.

«Іскер» сыйлығы» Мемлекет басшысының «Алтын сапа» сыйлығын алуға үміткер және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысқан әрі саласында жетістікке жеткен таңдаулы кәсіпорындарға тағайындалады. 

2022 жылы «Іскер» арнайы сыйлығын 10 компания еншіледі: 

1. «OSS Kazakhstan» ЖШС (мұнай өнеркәсібі жабдықтарын өндіру және жөндеу);

2. «Med365» ЖШС (жасанды интеллекті қолдана отырып, медициналық тексерудің автомат жүйесін өндіру);

3. «Компания Алтын-Қазақ» ЖШС (ет және ет өнімдерін өндіру);

4. «Lanzhou Company» ЖШС (мейрамхана желісі және Lanzhou company фастфуд қызметі);

5. «Хамит» ӘКК (балық және балық өнімдерін өндіру);

6. «Bigness» ЖШС (резеңке техникалық өнім өндірісі);

7. «Izgi is Qordai» ЖШС (жиһаз және орындықтар өндірісі);

8. «Rakhim baby» ЖК (нәрестелерге арналған киім тігу);

9. «Терра Вита» ЖШС «TV» сауда маркасы (медициналық жиһаз өндірісі);

10. «Балзия» ЖШС (кондитерлік өнімдер өндірісі).

«Біз «Іскер» сыйлығын алдық. Бұл – біздің компания үшін үлкен марапат. Жұмылып, команда болып жеткен жетістік. Менің ойымша, команда біздің еңбегіміздің еленгенін естіп, өте риза болады. Бізде қанша адам жұмыс істейді,  процесті үздіксіз жақсартып жатырмыз. Осындай еңбек арқылы сыйлықты иелендік. Байқауға бірінші рет қатысып жатырмыз», – деп бөлісті Lanzhou тез тамақтану желісінің бас директоры Гүлбану Майғарина.



«БанкЦентрКредит» АҚ және «АгромашхолдингKZ» АҚ жыл қорытындысы бойынша «Бизнес Кемелділік» сыйлығының лауреаттары атанды.

Биыл әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және қолдауға ерекше назар аударылды. Үш жыл қатарынан ең белсенді әйелдер өңірдің  дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Аруана» бизнесте тану» сыйлығымен марапатталады. Биыл бірден 4 кәсіпкер әйел марапатталды.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында «Бір ауыл – бір өнім» пилоттық жобасын іске асыру және әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына қосқан жеке үлесі үшін Ляна Тұрсынова сыйлықтың бас жүлдесін иеленді.

Сонымен қатар, «Аруана» бизнесте тану» сыйлығын әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менторлары, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымдары Күлпаршын Айдарханова мен Гүлия Жәңгірова және Қаратау қаласынан (Жамбыл облысы) келген Жұмагүл Әлмұхан алды.



«Бір ауыл – бір өнім»  және «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» жобалары  Қазақстанда 2021 жылдың желтоқсанынан Азия даму банкі, БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен Қазақстан үшін COVID-19 пандемиясына қарсы күрестегі ынтымақтастық қоры және БҰҰ-әйелдер Құрылымы шеңберінде бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан іске асырылып жатыр.

«Бүгін біз «Аруана» номинациясын жеңіп алдық. Бұл сыйлық – біздің кәсіпорнымыз үшін үлкен мақтаныш. Бүгінгі жеңіс – үлкен бір даму кезеңі. Мен ғана емес, менің командам да қуанып жатыр. Шағын кәсіпорынға мұндай атақты алу – үлкен стимул. Бұл жеңісте Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығына рақмет айтқым келеді. Өйткені, сол кісілердің арқасында, орталықта іске асып жатқан жобалар арқылы биыл көптеген нәтижеге қол жеткіздік. Орталықта ментори бағдарламасы бар. Ментордың арқасында сату көлемі 5 есе өсіп, компаниямыз жоғары нәтиже көрсетті», – деді  Жамбыл облысынан келген  Жұмагүл Әлмұхан.

Сондай-ақ, «Алтын сапа» сыйлығы аясында Qazaqstan Project Management Awards – 2022 ұлттық байқауы және сапа саласындағы ТМД сыйлығының лауреаттары мен дипломанттары марапатталды.

Qazaqstan Project Management Awards – 2022 ұлттық байқауының дипломанттары – «Алматы көпір конструкциялары зауыты» ЖШС (көпірлер, туннель және автомобиль жолдарын салуға арналған бетон және темірбетон конструкцияларын өндіру) және «Стадболт Мануфактуринг» ЖШС (шпилька, болт, цилиндрлік басы бар бұрандалар және анкерлік болттарды өндіру, мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика және қала құрылысы үшін бекіткіш материалдардың барлық түрін жеткізу).

Айта кетейік, 2021 жылғы сапа саласындағы ТМД сыйлығының лауреаттары болып «КЕЛЕТ» акционерлік қоғамы (сумен жабдықтау, жылыту және желдету үшін жабдықтарды өндіру және сату), «KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалы (металл құбырлар мен оларға муфта өндіру), «НС Элита орталығы» ЖШС (полиграфиялық қызметтер) марапатталған.  

Жаңалықтар

Ырғыз ауданы маңындағы Самара-Шымкент тасжолында екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...