Сөз тіркесінің өз заңдылығы бар. Кез келген екі сөз бір-бірімен жайдан жай, жүйесіз тіркесе қалмайды...
Қарағанды облысы: ең көп кітап оқитын отбасы
Қарағанды облысында ең көп оқитын отбасы Қарқаралы ауданында тұрады. Олар «Оқырман отбасы» байқауының жеңімпазы атанды. Облыстық байқаудың соңғы кезеңінде 15 отбасы екі санат бойынша бақ сынасты – «Театр қойылымы» және «Фотогалерея».
«Театр қойылымы» номинациясында отбасыларға 5 минут ішінде А. Байтұрсыновтың шығармасының сахналануын көрсету қажет болды. Костюмдер мен реквизиттер шығарманың мазмұнына сәйкес келуі керек еді. Бейне және музыкалық сүйемелдеу алдын-ала дайындалды. Сөз соңында міндетті түрде өнегелі қорытынды жасау керек болды. «Фотогалерея» номинациясы — шығармашылық тапсырма. Әр жанұя отбасымен және отбасылық оқу жайлы фотосуреттер дайындады. Фотосуреттердің саны мен форматы, сондай-ақ отбасылық фотогалереяның жалпы формасы мен идеясын қатысушылар өздері таңдады», – деді ұйымдастырушылар.
Комиссияның дауыс беру нәтижесі бойынша номинация жеңімпаздары мен иегерлері анықталды.
Мәселен, бас жүлдені Қарқаралы ауданынан Шәріп отбасы жеңіп алды, ал бірінші орынды Теміртаулық Бақытболат отбасы иеленді.
Сондай-ақ, түрлі номинация бойынша үздіктер анықталды – мысалы, «Өнегелі отбасы», «Позитивті отбасы» және т. б.
Бүкіл жеңімпаздарға дипломдар, ақшалай сертификат және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Байқау облыстық «Бір отбасы – бір кітап» акциясы аясында өтті.
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі