Ұлытау облысына Дүниежүзілік банктің өкілдері келді

Жаңалықтар
689



Дүниежүзілік банк өкілдері Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Қонақтар облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына агломерациялық орталықтардың экономикалық даму жобасын таныстырды. 

Кездесу барысында тараптар Ұлытау облысы мен Дүниежүзілік банк арасындағы өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастықтың басым бағыттарында инвестициялық жобаларды іске асыруды талқылады. 

Атап айтқанда, тараптар көлік инфрақұрылымын жақсарту, туризмді, агроөнеркәсіптік кешенді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру тетіктерін талқылады. 

Сонымен қатар, жиналғандар экономиканы әртараптандыру, индустриялық-инновациялық даму, экологияны жақсарту мәселелері бойынша пікір алмасты. Дүниежүзілік банктің басым жобаларды инвестициялауға белсенді қатысуы Ұлытау облысының серпінді экономикалық дамуының драйверлерінің бірі болуы мүмкін екендігі атап өтілді. 

Кездесу соңында тараптар жоғарыда аталған мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті.


Жаңалықтар

Шымкент қаласында 53 жастағы ер адам өзінен 30 жас кіші әйелін ұрып-соғып, үш айлық сәбиін тұншықтыр...

Жаңалықтар

Жетісу облысында 55 жастағы ер адам бастығын балғамен ұрып өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Пат...