Дархан Қыдырәлі: «Масс-медиа туралы» заң қабылдауды көздеп отырмыз

Жаңалықтар
1533



Бүгін өңірлік мерзімді басылымдардың форумы басталды. Бұл жайында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі facebook парақшасында жазды.

Аталған жазбада министр: «Еліміздің әр аймағынан 200-ден астам делегат келген жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов және ҚР Президенті әкімшілігінен, Сенат пен Мәжілістен арнайы қонақтар қатысты.

Екі күнге созылатын іс-шарада түрлі панельдік сессиялар, мастер-класстар мен талқылаулар ұйымдастырылуда.

Өңірлік басылымдардың өзекті мәселелерін шешуде алға қойған бірқатар мақсат-міндеттеріміз бар.

Атап айтсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, журналистердің құқықтық мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында «Масс-медиа туралы» заң қабылдауды көздеп отырмыз. 

Аймақтағы басылымдарды қаржыландыру тетігі мен ережелерін қайта қарастырып жатырмыз. БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыстың талаптарын жеңілдетуге мүдделіміз. Сондай-ақ біз тарифтерді ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. 

Қазақстандық қоғамдық даму институты базасында журналистердің біліктілігін арттыру және салалық журналистиканы дамыту мақсатында шеберлік сыныптары өткізіледі.

Газет дизайнын, макетін жетілдіру бағытында халықаралық тәжірибелерге негізделген арнайы дәрістер ұйымдастыру жоспарда бар.

Өңірлік газет-журналдар қызметкерлерінің біліктілігін шыңдау мақсатында «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» сияқты іргелі басылымдар мен «Қазконтентте» тәжірибе алмасу жобасы іске қосылады.

Қазір жаңа медиа заманы. Сондықтан өңірлік басылымдардың сайттарын жасау және қолдау, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану бойынша әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз.

Аумалы-төкпелі заманда жекеге өткен басылымдардың да қатары аз емес. Мысалы, аудандарда 159 газет жекеге өткен. Бірақ біз өңірлік басылымдарды жекеменшік не мемлекеттік деп бөлмей, барлығына да қолдау көрсетуге әзірміз.

Министрлік «Қазпошта» акционерлік қоғамымен баспа басылымдарын уақтылы жеткізу, жазылуға оңтайлы жағдай жасау туралы меморандумға қол қойғаны белгілі. Бұл қадамдар да өз нәтижесін береді деген ойдамыз. 

Сонымен қатар, жаңа заң аясында басылымдардан қосымша құн салығы алынып тастау қарастырылып жатыр», – деді. 

Сонымен қатар ол: «Өңірлік БАҚ-та жарық көрген мазмұнды мақалаларды республикалық басылымдарда жариялау тәжірибесі жалғасады.

Шалғай аймақтардағы басылымдарда шыңдалып шыққан жас журналистерді үлкен басылымдарға жұмысқа тарту мәселесін де назарда ұстаймыз. Буын алмасуы, дәстүр сабақтастығы сәтімен жалғасуға тиіс. 

Газет – тілдің өрісі. Басылым тіл құнарлығын сақтап, оқу мәдениетін қалыптастырады. Сондықтан интеллектуалды журналистиканы дамытуға мүдделіміз. 

Біздің жиын жыл басындағы кеңесу, алдағы бағыт-бағдарды бағамдау болмақ. Сондықтан бұл басқосу тұрақты негізде өтіп тұрады деген сенімдеміз.

Мерзімді басылымдар, оның ішінде өңірлік БАҚ журналистиканың алғашқы мектебі, алғы шебі іспетті. Аудан-аймақтарымыздың ардақты азаматтары, зиялылар қауымы топтасатын өнегелі орта. Сондықтан Қазақстанның әр қиырында қажырлы қызмет етіп жүрген әріптестерімізге айрықша алғыс айтамыз», – деді. 


Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...