Қазақ елі Түркияға кезекті көмегін жөнелтті

Жаңалықтар
751

Түркияның зілзала болған аймағына Қазақстаннан 27 тонна гуманитарлық жүк тиеген кезекті ұшақ жетті.  

Зілзаладан зардап шеккендерге шатыр, жылытқыш, жылы киім және басқа да қажетті заттар жіберілді. Осы ұшақпен біздің құтқарушыларымыздың алғашқы легі елге қайтады. 

Сондай-ақ Қазақстан Елшілігінің ұйымдастыруымен келген ұшақпен Алматыға 10 азамат, оның ішінде 7 Қазақстан азаматы, 3 Түркия азаматы Алматыға қайтарылады. 

Айта кеткен жөн, біздің құтқарушылар үйінділер астынан 8 адамды аман алып шықты. Сондай-ақ 88 адамның жансыз денесін де шығарды. Төтенше жағдайлар тобы Газиантеп қаласында 3 учаскеде және Нұрдағы қаласындағы 1 учаскеден жұмыс істеді. 

Құтқарушыларлың келесі легі бүгін оралады деп жоспарланған.

Хабар24

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...