Адам генін өңдеу: Қытай ережелерді өрескел бұзып отыр

ЖАҢАЛЫҚТАР
9844

Осыдан бес жыл бұрын қытайлық ғалым егіз балаға алғаш рет генетикалық өңдеу әдісін пайдаланған еді. Осы іске байланысты наразылық туып, халықаралық сарапшылар бұл тәсілді пайдаланудың жаңа ережесін бекіткен. Бірақ Қытай ол ережені сақтамай отыр.

Қытайдағы генді өңдеу саласының халықаралық сарапшысы Джой Чжан бұл саланы реттейтін талаптардың орындалмай отырғанын айтты.

«Бұл әдіс ғылыми институттардан тыс, жеке кәсіпорындарда жүзеге асырылып жүр. Мен осыған алаңдаймын», – дейді сарапшы.

Генді өңдеу - бұл ДНҚ-ға өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретін әдіс. Яғни, осы арқылы туа бітті ауруларды емдеуге және баланың генін түбегейлі өзгертуге болады. Әрі ата-бабадан берілетін ерекшеліктерін жоя алады.

Сарапшылар Қытай зерттеулері мен тәжірибесінде көп құпия бар дейді.

«Мен Қытайдың неліктен көшбасшы болғысы келетінін түсінемін. Ерекше назар аудару керек салалар бар. Генді өңдеу саласы солардың бірі. Оны дұрыс басқару мен қадағалау жұмысын жақсарту керек», – деді Робин Ловел Бадж.

egemen.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал туындап, оның соңы пышақ жарақатымен аяқталд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылынан жоғалған отбасыға қатысты іздеуде жүрген Сұлтан Сәрсемәлиев п...