Оралда бір отбасының бес баласы газдан уланған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
718

Облыстык балалар ауруханасының директоры Сержан Есенкөбековтің "Мой город" сайтына айтуынша, оқиға 18 желтоқсанда болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Балалардың ең үлкені –  13 жаста, кішісі екі жаста. Дәрігер олардың жағдайы орташа екенін жеткізді.

Балалардың анасы да қалалық ауруханаға жатқызылған. Оқиғаның жай-жапсары айтылмайды.

Балалардың улануы туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Кейбір мәліметке сәйкес, балалар газдан уланған.

Батыс Қазақстан төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі улану туралы ақпарат 112 жедел жәрдем қызметіне түскенін хабарлады.

Батыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, балалар қазіргі уақытта медициналық бақылауда. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жағдайға әлі түсініктеме бермеді.

Балалардың нақты неден уланғаны әлі белгісіз. Қосымша мәліметтер тексерілуде.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...