Ақтауда хиджаб киіп, автомат ұстаған қыздар жұртты шошытты

ЖАҢАЛЫҚТАР
2503

26 шілде күні Ақтауда әйел түнде кафеден үйіне кетіп бара жатып, автомат ұстаған қыздарды көрген. Олар хиджаб киіп, көпшіліктің зәресін қашырған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы деректі Lada.kz тілшілеріне қала тұрғыны айтқан.

«Біз 5-ші ықшамауданнан 4-ші ықшамауданға дейін жолды кесіп өтіп бара жатқанбыз. Қолдарына автомат ұстаған екі бойжеткенді кездестірдік. Олар оқ атты. Күйеуім суретке түсіріп үлгерді. Олардың бұл әрекеттері күлкілі көрінді. Басында мен шын екен деп кәдімгідей қорқып қалдым. Сөйтсем, олардың қолындағы шын автомат емес екен. Кейіннен ойыншық пистолеттен шығатын дыбысты естідім», - деді Мария.

Алайда қала тұрғыны қыздардың бұл қылығын әзілге жатқызбады.

«Олар мұның қалай көрінетінін білді деп ойлаймын. Бұл әдейі жасалған деп ойлаймын. Бұл мүлдем күлкілі емес. Сол уақытта маған қорқынышты болды», - дейді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...