Боксшы Қанат Ислам аргентиналық Хавьер Франсиско Масьельден басым түсті.Қанат ИсламАҚШ-тың Флорида ш...
Бас бапкер Ақылбай Манкеев: “Бұл - спорт, ондай нәрсе болмаса, көкпар ма бұл?”
Фото: инстаграм парақшасынан
Бас бапкер көкпар ойынының тартысты өткенін және жігітіттердің намысқа тырысқанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ақылбай Манкеев көкпар ойынына қатысты мәлімдеме жасады.
"Ойын соңғы секундтарға дейін тартысты өтті. Екі команда бір-біріне сай. Өздеріңіз көргендей, ойынның бірінші кезеңінде қырғыз көкпаршылары алға шығып, біздің көкпаршылардың мәртебесі сәл төмендегендей болған. Бірақ психологиялық тұрғыда жігіттерді жігерлендіріп отырдық. Қаншама жанкүйер бар, ел қарап отыр бұл додаға. Жігіттерді тоқтатып қойып айттық "трибунаға қараңдар, сендердің арттарыңда 20 миллион халық тұр, сендер шабыттанбасаңдар ертең елге масқара боламыз" деп. Жігіттер үмітті ақтады", - деді Ақылбай Манкеев.
Ақылбай Манкеев бірінші кезеңде орын алған жанжалға қатысты пікір білдірді. Ол екі жақтан да кінә барын, оның үстіне көкпар қызуқанды ойын болғаннан соң, арагідік бұндай жағдайлардың болып тұратынын жеткізді.
"Басында ештеңе түсінбей қалдық. Не болып жатқанын білейік десек, ешкім жауап бермейді. Бірақ кейін ара-жігін ажыраттық. Айта берсең, бұл туралы әңгіме көп. Аттың үстінде жүргеннен кейін бұнда бәрі қызуқанды. Енді бұнда бізді ұрысқа қарай тартқан сияқты. Аузынан боқ ауыз сөздер шыққан. Төрешінің өзі естіп тұр, бірақ оған қарсы шара қолданбады. Біздің тараптан да ағаттық кетті. Сол үшін қырғыз ағайындардан кешірім сұраймыз. Бірақ бұл - спорт, ондай нәрсе болмаса, көкпар ма бұл", - дейді Ақылбай Манкеев.
Құрама бапкер көкбөрі ойындары туралы да айтты.
"Көкбөрі мен көкпарда бізде бөлек екі команда жасақталған. Ешбір құрама мұнда ұтыламыз деп келген жоқ. Біздің мүмкіндігіміз 50/50. Десе де жігіттер барын салатын болады, - деді Ақылбай Манкеев.