Өткен жексенбі күні American Space Almaty әлеуметтік алаңында «Екі жан» ә...
«Заман ағам толғайды, Жангелді ақын жырлайды» атты кеш өтті
Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Көлбай ауылының Көлбай орта мектебінде сол ауылдан шыққан жазушы, драматург, өлкетанушы Заман Төлеуов пен ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жангелді Немеребай атындағы Қазақ әдебиеті кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шалғайда жатқан Көлбай ауылындағы «Заман ағам толғайды, Жангелді ақын жырлайды» тақырыбындағы бұл игі шараға алыс-жақыннан елімізге белгілі ақын-жаушылар келді.
Шараға жазушы, даңқты қолбасшысы Бауыржан Момышұлының атқосшысы болған полковник Бекдайыр Иманбаев, академик, Райымбек ауданының құрметті азаматы, Мұқағали Мақатаев сыйлығының иегері Шаяхмет Имашұлы, ақын, Абай атындағы журналдың бас редакторы Болат Шарахымбай, Ғабит Мүсірепов атындағы қордың төрағасы, «Ұлы Дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Ғабиден Жакей, сондай- ақ алаштың ақындары айтыстың ақтангері Айтақын Бұлғақов, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қуат Қайранбаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Сарқан газетінің бас редакторы Жомарт Игіман, Жетісу облыстық филармониясының режиссеры Берік Төкенов, Жетісу облыстық М.Тынышбае атындағы мұражайдың бөлім меңгерушісі Қалқаман Абдырахманұлы және Алакөл аудандық білім бөлімінің басшысы Әсет Ибраимов, «Алакөл» газетінің бас редакторы Алмат Есенбековтар мен қатар БАҚ өкілдері қатысып, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Тамаша ұйымдастырылған кешке мектеп директоры Махаббат Нұрсоветқызы бастаған мектеп ұстаздары Найман Нұғыманұлы, Алдаңғор Тілеубайұлы, Ердәулет Тобағұлов пен Еркін Тәңірбергенұлы сиякты мұғалімдер, ауыл белсендісі Сәрсен Жұмағалиұлы, Алакөл ауданының құрметті азаматы Ұлжалғас Бурасанова, кәсіпке Қайрат Мұқашбаев сияқты азаматтар мұрындық болып, белсене ат салысты.
Кабинетті заманауи жабдықтау үшін демеушілік етіп, мектеп ұжымына қолдау көрсеткен «Заман Төлеуовтың қырмызысы» атанған жазушының асыл жары Гүлмира Ажиханова.
Мектеп оқушылары қаламгер ағаларының шығармаларын жатқа оқып, кеш қонақтарының көңілдерінен шықты.
Шара соңында Заман Самалбекұлының жары Гүлмира Ажиханова мен ақын Жангелді Немеребайға құрмет көрсетілсе, марқұм Заман Төлеуовтың рухына құран бағышталып, ас берілді.
Мәдениет порталы