Д.А. Қонаев музейі 2002 жылдың қаңтар айының 12 күні Д.А.Қонаевтың 90 жасқа толуына байланысты муз...
Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша көшпелі дәріс
2023 жылғы 18 сәуірде ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы профессорларының қатысуымен Қазақстан өңірлерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша көшпелі дәрісі өтті. Көшпелі кездесуге Академия магистранттары, докторанттары, сарапшылар, шақырылған қонақтар қатысты.
Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі — еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты шарттарының бірі ретінде қаралды.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде бірінші кезектегі міндет – азық-түлік тауарларының нақты қолжетімділігін, олардың дүкендер мен базарлардың сөрелерінде жеткілікті болуын қамтамасыз ету. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасына мән беру жайында пікірталасып,профессорлар Р. Т. Дуламбаева, С. А. Жұмабаева, Л.И. Құсайынова және т. б. ғылыми зерттеулердің нәтижелері қызықты талқылаумен интерактивті режимде өтті.
Дәрістің өзекті мақсаты әртүрлі аумақтардың мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, қауіпсіз, құнарлы және алуан түрлі денсаулыққа пайдалы тағамға қол жеткізуді қамтамасыз ету. Сол арқылы халықтың денсаулығын нығайтуға қалай ықпал ететіні және оны реттеу жөніндегі шаралар қамтылып импортты алмастыру бойынша қабылдаған шаралар туралы сөз қозғалды.
Мемлекеттік базалармен интеграцияланған және жаңа цифрлық сервистерді әзірлеу ортасы болып табылатын Qoldaua платформасында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін мониторингілеудің әзірленіп жатқан Цифрлық сервисі үлкен қызығушылық тудырды.