«Ерліктің ерен тұлғасы» атты әдеби кешке шақырады

ӘДЕБИЕТ
1399

2023 жылы 4 мамыр күні, сағат 11.00-де Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында қазақтың даңқты батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қаруын қаламға ауыстырған әйгілі партизан Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына орай. «Ерліктің ерен тұлғасы» атты патриоттық сағат өтеді.


Патриоттық сағаттың мақсаты: Халық қаһарманы, партизан жазушы Қ.Қайсенов туралы мәлімет беру. Батырдың ерлік істерін ұрпаққа үлгі ете отырып, жас ұрпақтың санасына Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру, өз елінің  патриоты болуға шақыру.

Іс-шараның құрметті қонағы болып Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев қатысады. 

3659 әскер бөлімінің офицері Қ.Қайсеновтың өмір жолымен соғыс жылдарындағы көрсеткен ерлігін, сонымен қатар соғыстан кейін шығармашылығы туралы баяндама оқиды. Ақын-жазушыларымыздың Қасым Қайсеновке арнап жазған өлеңдері оқылады. Қ. Қайсенов туралы «Тарих.Тағдыр.Тұлға» бейнероллик көрсетіледі.

Өтетін мерзімі: 2023 жылдың 4 мамыр сағат 11.00 -де

Өтетін орны: Астана қаласы, Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының көрме залы (кіру Ақмешіт көшесі жағынан) Нұржол желекжолы, 12 үй.

Қатысушылар: «Ұлттық Ұлан» жанындағы 3656 әскери бөлімі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің докторанты мен магистранттары қатысады деп жоспарлануда.

Байланыс: 8 7172 76 90 60, +7 700 320 87 00 

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

Президент сайлауы 31 наурызда өтуі керек еді, бірақ елде әскери жағдай сақталады, деп хабарлайды mad...

ӘДЕБИЕТ

      «Екі тау қосылмайды, екі ел қосылады» деген екен қазағым. Өткен ғас...