Қуандық ағамыз жылт еткен жақсы ойы, жөндем сөйлемі бар жазарман жастарды елеп, дем беріп, үміт етіп...
Көкжиегі шексіздікке көсілген
Миң Ди – қытай ақыны, аудармашы. Қазір Калифорния штатында тұрады. Американың «Бүлдірген» әдеби маусымдық журналының, Роттердам халықаралық поэзия сайты қытайлық бекетінің редакторы, Берлин «Онлайн поэзиясының» селбесушісі. Қытайда «Миң Ди таңдамалы жырлары», «Аккордқа бөлу», «Берлин хикаясы», «Періштенің бәрінде қанат және әнтек алабөтен құштарлық болады» жинақтары, шетелде «Жарылу», «Ай паршасы», «Ата шежіре», «Жеті жарлық кітабы», «Дүниенің жаралуы», «Құс аралы» кітаптары жарық көрген. Шығармалары он бес тілге аударылған. Ағылшын-қытай тілінен көптеген кітаптарды тәржімалаған және редакциялап құрастырған. Қытай тілінен ағылшын тіліне тәржімалаған «Бос орындық» атты кітабы Вашингтон дербес кітап бағалауында 2015 жылғы ең таңдаулы кітаптың бірі болып бағаланып, АҚШ-тың 2016 жылғы ең үздік аударма кітап сыйлығының кандидаттығына енген. АҚШ поэзия журналының жылдық аударма сыйлығын және ЛОС қор қоғамының аударма сыйлығын еншілеген.
МИҢ ДИ ЖЫРЛАРЫ
МЕКСИКА ҚАЛАСЫ: ҚАҢЫРАҒАН КӨШЕ, ИЕН ДАҢҒЫЛ, БОС ЖАҢҒЫРЫҚ
(ОКТАВИО ПАСҚА*)
1
Жанарың мен жанарымның арасында,
Жалғыз құс әрлі-берлі ұшуда, жаңғырықты
ұластырып тағы бір жаңғырыққа.
2
Сары шымшық бір реткі құпия қимылға көшіп
Шығысты батысқа, батысты шығысқа ұрлап тасыды.
Қыста ұя салып, көктемде андетумен.
3
Сонау жылдың алдында сақтаған едім бір дауысты,
Кітаптың арасына қыстырма ретінде.
Сол кітапты анда-мұнда парақтасам, әуелгідей тіл қатады.
4
Сыңар құс, жалқы терезе, соқыр дақ,
Көз ұшында бұлдыр сызық,
Мен көзімді жұмсам болды, бір шыңыл кеп ұрылады құлаққа...
5
Мен батыстың батысына қадам бастым түн қата,
Бұл арада шығыс-батыс емес, әсте, шығыс-батыс, көктем жете сөз біткен алып ұшып өлеңге
Жамырайды сөйлемдер.
Кім көтерсе жетіқарақшы жұлдызын, сол дәл қарсы алдыңда.
6
Сен кері бұрылып, қаздың келіп 17-ғасырдағы күнтасты,*
Бейне Элиот* тілсімдікті байқағаны сияқты.
Бірақ менің ту сыртымда озандады Патерсон*
7
Бүгін таңда аспан жерге төңкеріліп салбыраңқы түсіпті,
Көзім шың-шың ете қалды
Арба суша сапырылып, салт аттылар жосылып, мені бірақ көрмейді.
Бір шоқ бұлт жүзі сынды адамның
Тұтасады өзегімен өлеңнің, жалғыз құс
Маған қолын бұлғады ـــ
KFC тауығының сирағы топ еткені көшесіне Бейжиңнің.
Сол фотоны ала кетуді ұмытып, қалдырыппын жат елге,
Папая, манго, планч, анар жемісі, хош иісі де шулаған.
Сенің демің жаңа туған жап-жас ай,
Сенің көзің қалықтаған қанаттар,
Мая деген Шын нұңдардың* сөресі,
Чүй юан* отыр пирамида төбесінде деген ең, сенің көкжиегіңнен таныс құстар,
Келеді ұшып маған қарай нөпірлеп ـــ
ــــــــــــــــــــــــــــــ
*Октавио Пас – (1914-1998 ж.ж) Мексика ақыны, Нобель әдебиеті сыйлығының иегері (1990 ж.)
*Күнтас – Октавио Пастың әйгілі шығармасы .
*Элиот (1888-1965 ж.ж) Ұлыбританялық ақын, дараматург және әдеби сыншы, позия қазіргі заманшылдар қозғалысының көшбасшысы, 1948-жылғы Нобель әдебиеті сыйлығының иегері.
*Патерсон –Америка ақыны Уильямстың қазіргі заман тарихи дастаны. Патерсон меңзеледі.
*Шын нұң – Қытайдың ерте заман аңыздарындағы кейіпкер, аңыз бойынша ол ауыл шаруашылық өндірісімен шұғылдануды үйреткен әрі сан алуан шөптің дәмін тата жүріп, дәрі-дәрмек жасаған екен.
*Чүй Юан – Қытай тарихындағы жауласқан бектіктер дәуірінде, шамамен жыл санауымыздан бұрынғы 340-278 жылдарда өмір сүрген Чу бектігінің ақыны.
ҚҰС АРАЛЫ
1
Құс аралдың қалқып жүрген сұлбасы,
Немесе
Арал құстың көлеңкесі?
Менің бағдарымнан көз тастасаң,
Арал құстың жанары
Су ішінде, қадалады менің қара көзіме.
2
Бір мезеттер ұйқы қысып жүрдім мен,
Бейне осы арал сынды мүлгіген.
Су ішінде тұра-тұра тырп етпей
Судың өзі сезбей қалған бар-жоғын.
Бір құс ұшып өтті таудың басынан
Селт етіп мен ояндым.
Етек жақта жатыр екен өз тәнім, қол-аяғым, дария
Түні бойы көз ілмедім
Қараңғылық,
Бейне құстың көлеңкесі
Судағы.
Құстың мөлдір жанары,
Жаутаңдайды менің көзім ішінде.
Арал соқыр қараңғы
Қап-қара құс таң хабарын айтып нұрмен әндетіп,
Сымпыл қағып өте шықты төбемнен.
Жанарына толған менің көз нұрым,
Алыс сондай көзім жетер көрнеуден.
Ол жер менің асыл ата мекенім,
Какао ағаш, банан бар,
Ал, құстардың арманы менен тіпті жырақтап,
Қоныс теуіп зеңгір аспан көгіне.
Айналған жетім аралға.
ҚЫЗЫЛ ШЫРША АҒАШЫ
Кей ағаш қурағанына ғасыр өтсе де,
Маңайын ұсақ ағаштар қоршап,
Тіп-тік боп тұра береді.
Қорықпайды олар күн аптабы,
Айдың салқын сәулесінен.
Тамырлары әлеуетті, тым мықты,
Солса дағы тәнін жықпай ұстаған.
Қабықтары қалың әрі қап-қатты,
Құстар келіп шоқығанға миземес.
Олардың тек қорқатыны ـــ әрі-бері өткен жолаушы,
Ырғап қалып, сезгені өз семгенін...
КӨРІНІС
Ұшқан құстар қонақтайды ағашқа,
Алмұрт сынды салбыраған бұтақта.
Ағаш мәңгі жылжымайды, тұрады,
Кім білсін?
Күткені құс, әлде алмұрт па тоқжарау.
Ол алыстан қарағанда құстарды,
Дауыл тербеп қақпақылдап жүр екен,
Ал алмұрттар,
Жел әуектеп уылжытып, пысқан соң,
Кетіпті ұшып,
Сарғалдақтар, сары алтындай алмұрттар.
Қап-қара көз...
Семген ағаш...
СӘУІР АЙЫ . ҮРКЕРДІҢ ЖЕРГЕ ТҮСУІ
Жаңбырлы маусым таяп қалды, көңіл тағы тым тағатсыз тыншымай,
Ерте, ерте, ертеде жаңбыр деген құс екен.
Кейде кезіп ғарышты ـــ ұшқан сайын алыстап, аспанның да көкжиегі шексіздікке көсілген.
Бірақ әркез уағында оралатын жаза баспай мезгілден,
Он, жиырма, отыз ғасыр ұша-ұша айналған құс көктемнің жаңбырына.
Әр күні түн бір бағытқа түзеп бетті көз ілемін,
Бір түн... үш түн, ұйықтай-ұйықтай өзім де қысқы ұйқыда жатқан өсімдікке айналдым.
Мені мен менің көлеңкем ай нұрына шомылып,
Кірсіз сәуле жарқыратты сансыз қиял, ойымды.
Олар менен асқақ жерде самсыған, теңіздегі өсімдіктей тербелер,
Ешбір толқын тудырмай.
Менің ұйқым бір түрлі егіншілік жәдігер,
24 амалмен қайталанып тұратын, жаңбыр сынды мән бермейтін формаға.
Ұйықтай-ұйықтай ұйқыны, айналдырдым дінге мен,
Көктем келе малдас құрып терең мүлгіп кететінім секілді,
Тыныстамай, мызғымай..
ЖАПЫРАҚ
Аспандықтар құбылысы жел боп келіп қақты есікті,
Ақ қайыңның жауабы: сынды бұтақ, жапырағы үзілді ـــ
Сансыз әппақ алақандар,
Жазықсыз сан қыршындар.
Сансыз аппақ желеулер,
Шымшып алып біреуін.
Сығымдадым,
Бейне бүкіл бір ағашты өз құзырыма алғандай,
Чүй юан айтқан бір жапырақ
Шынында,
Қарағанда ағашқа,
Орман жайлы ақиқатты ақтарып-ақ тастарын.
Ал, Таңдықтар* жалғыз жетім жапырақ,
Бүкіл күздің құпиясын берер дейді
Бяандап.
Ал, менің тек жапырақтар көргенім,
Тұтастай күз нөпірлеген жапырақ.
ــــــــــــــــــــــــــــــ
*Таңдықтар – бұл жерде қытайдың таң патшалығы дәуіріндегі ақындарды меңзейді.
СӘУІР АЙЫ. ТОҒЫЗ ЖЫР
Сәуір айы төрт өрім ай өзегінен жарылған,
Астыңғы ішек, үстіңгі ішек
Бір уақытта гүл ашқан.
Сәуір айы төрт қара көз ішіп-жеген бір-бірін,
Дарияның бұл шетінен ол шетіне өткенше таң атады.
Сәуір айы таң сызған соң ай астында,
Жауған жаңбыр
Жанарыма толып алған.
Сәуір айы көз ұшында бұлдыраған шам гүлі,
Мұз үстінде күрескен.
Мәжнүн тал, қара талшық, шашы қудай жұпар аңқыр шелдірек,
Сәуір айы әсел гүлі,
Соқыр нүкте ешкімді де Тәңірді де көрмейтін.
Ай бетіне өз қолыммен отырғызған мақта ағаш,
Қалықтаған, шарықтаған, ұшқан-кеткен
Қоңыр қаз.
Сұлап жатқан тынық әлем,
Тау-жоталар,
Жайылымдар.
Сандық толы патерлер,
Шам-шырақтар.
Түн қойнауын жарқыратқан,
Мен ояндым
Сенің мөлдір жанарыңда.
Ай бетінде сен басыңды көтердің де,
Сеңді бұздың,
Сырнайлаттың,
Буырқандың, анталадың андағайлап.
Қытай тілінен аударған: Қажыбек АЙДАРХАНҰЛЫ