А.Ершуовтың шығармашылығына арналған республикалық Эсселер байқауы өтеді

ӘДЕБИЕТ
2933

Белгілі ақын Аманқос Ершуовтың шығармашылығына арналған қаламгерлер арасында «Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар» атты республикалық Эсселер байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

Ақын, Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Аманқос Ершуовтың шығармашылығын насихаттау, 

өз заманының айшықты сөз иесі, тарихи тұлғасы ретінде таныту, дәріптеу және эссе жанрының имиджін нығайтуға үлес қосу мақсатында  ұйымдастырылады.

Байқау талаптары:

-Байқауға ұсынылатын материалдар көлемі 7- беттен аспауы тиіс;

-Байқауға Қазақстанның барлық аймағында тұратын қаламгерлер қатыса алады;

-Байқауға түскен материалдар «Мәдениет» порталында жарық көреді; 

-Материалдарды көрсетілген электронды поштаға жіберілуі тиіс; 

-Байқау қортындысы 2023 жылдың 25 қазанында шығарылады;

-   Байқауға қатысушылардың жас шамасы шектелмейді;

-   Байқауға қатысуға ниет білдірген қаламгерлер өз материалдарын 2023 

 жылдың 20 қазанына дейін ұсына алады. 

Жеңімпаздарды марапаттау:

Бас жүлде – 1 (біреу)

І - орын – 1(біреу)

ІІ - орын – 2 (екеу)

ІІІ- орын – 3 (үшеу)

Ынталандыру сыйлықтары.

Қазылар алқасы құрамы:

-Қазылар алқасы құрамын әдебиеттанушы зерттеуші ғалымдар, белгілі қаламгерлер мен журналистер қазылық етеді;

-Қазылар алқасы жүлделерді бөліп бере алады.

Ұйымдастырушы:

 Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы,

 Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени   демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы.

Мекен-жайымыз:

Атырау қаласы, Балықшы шағын ауданы, А.Байжігітова көшесі, 86а

Облыстық халық шығармашылығы орталығы

Байланыс телефондары: 8 (7122) 30-97-19, 30-97-20

Электронды пошта:oxshoatyrau@mail.ru

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...