Қайғылы жағдай Шымкентте 2024 жылы болған. 30 жастағы әйел ұйқыдан жылап оянғаны үшін 2018 жылғы қыз...
Chevron-дағы қысқартулар «Теңізшевройл» қызметкерлеріне әсер ете ме?
Фото: ulysmedia
«Теңізшевройл» (TШO) бас директоры Кевин Лайон компанияның кадрлық саясатына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ол Chevron-ның 2026 жылдың соңына дейін жаһандық жұмыс күшін 20%-ға қысқарту туралы шешімі Қазақстандағы «Теңізшевройл» қызметкерлеріне әсер етпейді деп сендірді, деп хабарлайды
Мәжіліс депутаттары Chevron-ның қызметкерлерін қысқартуы Теңіз кен орнындағы жұмыс орындарына қалай әсер ететінін сұрады. Кевин Лайон бұл өзгерістер «Теңізшевройлға» қатысты емес екенін атап өтті.
- Біз – қазақстандық компаниямыз. Иә, біздің акционерлеріміздің қатарында Chevron мен ExxonMobil бар, алайда Chevron қабылдаған шешімнің Қазақстанға қатысы жоқ, деді ол.
Бас директордың айтуынша, Теңіз кен орнында жұмысшыларды қысқартулар болады, бірақ ол «Келешек кеңею» жобасының аяқталуымен байланысты болмақ.
- Алайда біз алдағы уақытта жаңа нысандар мен зауыттарды іске қосуды жоспарлап отырмыз, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына себеп болады, деп мәлімдеді Лайон.
Осылайша, «Теңізшевройл» басшылығы жұмыс орындарын сақтау және жаңа мүмкіндіктер ашу бойынша шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.