"Тұтастай отқа оранды": Автобустағы өрттен 16 адам қаза тапты

Fribourg Police/EPA/Shutterstock

ЖАҢАЛЫҚТАР
459

Швейцарияның батысындағы шағын Керцерс қаласында автобус өртеніп, салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Тағы үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Полиция өрттің қасақана қойылуы мүмкін деген нұсқаны қарастырып, қылмыстық тергеу бастады.

«Оқиға орнына келген құтқару қызметі автобустың түгелдей отқа оранғанын анықтады», — деп мәлімдеді аймақтық билік.

Фрибур полициясының мәліметінше, автобус сейсенбі күні кешке Керцерске баратын жолда, Берннен шамамен 20 шақырым жерде өртенген.

«Қазіргі кезеңде автобустың ішінде болған адамның қасақана әрекет жасауы мүмкін екенін көрсететін белгілер бар», — деді Фрибур полициясының өкілі Фредерик Папо.

Зардап шеккен үш адам тікұшақтармен және жедел жәрдем көліктерімен эвакуацияланды, тағы екі адамға оқиға орнында көмек көрсетілді.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...