Қазақстанның жаңа мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 25 ғылыми еңбектің авторы2019 жылд...
Шетелдік турист Алматы тауларында шатқалға құлап кетті
ашық дереккөз
1013
Алматы қаласының Құтқару қызметі түнде «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты аумағында Ресейдің 25 жастағы азаматының шатқалға құлап кеткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Оқиға орнына Құтқару қызметі мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының құтқарушылары жедел түрде барған.
«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар зардап шегушіге төмен түсіп, альпинистік құрал-жабдықтар мен арқанның көмегімен оны шатқалдан шығарып алды. Тексеру нәтижесінде ер адамға медициналық көмек қажет еместігі анықталды. Еске саламыз, Алматы тауларында әлі де қар жатыр, сондықтан тұрғындар мен туристер қауіпсіздік шараларын сақтап, тау беткейлерімен жүргенде аса сақ болуы керек», — делінген хабарламада.