«Қылмыстық жауапкершілікке тарту керек»: Төреғали Төреәлінің басы тағы да дауға қалды

Жаңалықтар
452

Тұрғындар танымал адамдардың жарнамасына сеніп, құрылыс компаниясына алданған. DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешенін жарнамалаған тұлғалардың арасында – елге танымал әнші Төреғали Төреәлі де бар. Бұл жайлы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында көрсетілді, – деп хабарлайды madeniportal.kz. Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал адамдардың сөзіне жұрт имандай сеніп, бар ақшасын берген. Алайда DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмай жатып тоқтаған. Тұрғындардың айтуынша, жауапты компанияның әуел баста үй салуға рұқсат қағазы болмаған.

Төреғали Төреәлі түсірген видеода компания атауы, кеңсесі мен логотип жазуы көрініп тұр. Алайда әншінің менеджері жарнамаға қатысымыз жоқ дейді.

«Біз ол жерден барып үй алмақшы болғанбыз. Бірақ оларға жарнама істеп, үй аламыз десеңіздер, міне деген ештеңе жоқ. Егер біз жарнамалады деген келісімшарт болса, соны көрсетсін. Біз үйді алмақшы болып сол жерге бардық, соны видеоға түсірдік. Біз де зардап шегушіміз», – дейді Төреғали Төреәлінің менеджері.

Ал Maх Bet компаниясының директоры Берік Нұрмағанбетовтың адвокаты Төреғали Төреәлінің жарнамасының құны 2-бөлмелі пәтермен пара-пар екенін айтты.

«Төреғали Төрәліге DOSTAR DELUXE тұрғын үй кешеніне жарнама жасағаны үшін 2-бөлмелі пәтер келісілген дейді. Яғни, жауабында солай көрсетілген», – деді адвокат Шынқуат Байжанов.

Заңгер Мейірман Шекеевтің айтуынша, егер танымал тұлғалар ақы алса, олардың бұл әрекеті жарнама болып есептелінеді.

«Егер Дәулет пен Төреғали ақы алған болса, бұл жарнама болып есептеледі. Сондықтан оларды жауапкершілікке тарту керек. Олардың үстінен арыздар жаза беріңіздер. Өйткені сіздер оларға сендіңіздер. Депутат болсын, басқа болсын қылмыстық жауапкершілік бәріне бірдей жауапты», – деді Мейірман Шекеев.

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...