Нұрхалық Абдырақын. Зілзала (әңгіме)

ӘДЕБИЕТ
793

Түн тұнжырап адамдарға жаны ашып тұрғандай...сары шұнақ аяз...аппақ қар айналаны қымтай бүркеп "қозғалмай тыныш жатыңдар" дегендей. Адамдар о бастағы табиғатын жоғалтсада, әу баста рухына не үрленсе соны сап күйінде сақтаған жан-жануар бірдеңе сезді... Тышқандар інінен шыға ақ қардың бетінде бір жерге жинала бастады, мысықтар өз туыстарының басын қосып қорадағы жаман столдың астын паналап жатты, иттер ұлып адамдарға адалдығын танытып тынбай бір сұмдықты ескертумен болды, «бейуақта ұлыма, оңбаған» деп үйден шыққан ауылдың жалғыз сақшысы сұр төбетін тұмсықтан ұрды, ол сәлден кейін тағы ұлыды «өзіңе көрінгір саған жаңа ескертпедім бе?!» деп ауласындағы алып алма ағашқа асып, үнін бірақ өшіріп үйге кірді...әтеші гәккулей бастады, оның да мойнын бұрай салды... Малды ауылдың қойлары маңырап, жылқысы кісінеп, иттері шулап, сиыры мөңіреп азан-қазан болды да кетті жарым түнде... қап мыналардың иа, менікі болғанда бәрін жайратып салар едім деп, күмбірлеп жатып көзі енді іліне бергені сол жер гүрілдеп оңнан солға тербеле бастады... 

Гуһартас ықшам ауданындағы 17 қабатты үйдің ең үстінде ваннада жатқан Сәуле көп ойдың ішінде көлкіді. Балалық шағын ұл болып өткізді... Әке шешесі жалғыз қыздарынң артынан ұл ерсе екен деген үмітпен оның атының артына бір "т"ны жалғап Сәулет деп атап жігітше киіндірді, ол асық ойнап, тайға мініп шапты, ұлдармен бірге қара суға барып шомылды, Ермектің өзгеше қарап тұрған көзін байқағанда өне бойы дір етіп, тұла бойынан жан кетіп, суға тез секірген. Шашын үнемі әкесі тақырлап алып тастайтын. Сәуледе жігіттер сияқты тым қайратты болды. 

Туған жердің топырағы барлық шақтың куәсі... Сәуленің үйінің артында биіктігі мың метірге жақын тау бар, терскей беті жап-жасыл жазық, мал жайлымының таптырмас мекені, анадайда аузын ашқан қос үңгірде жауын шашын мен ыстықта шопандарға қаптал жетеді, кәдімгі жүз жыл ұйқтаған үңгірдегі жеті жігіттің мекені осындай болған шығар. Ал күнгей бетінің бас жағы сары топырақты, қолыңмен сығып қайта тастаң еш шашырамай жерге "тырс" естіп жарылмай түседі. Бұнда кішкене-кішкене әдемі үңгірлер бар, оның асты жағы қиршық және малта тастарға толы, одан кейін бел тоған, онда тұп-тұнық толы су ағады, бел тоғанның асты жап-жасыл, көктемнен қара күзге дейін бұзу жайылып, балалар доп қуалап жүрседе еш шаңы шықпайтын масатыдай құлпырған пұлыс жер, жағасында арба жол бар оның оң жағында ені он метір қара қоңыр су ағатын ақ тоған бар. Бұлардың сабақтан соңғы өмірі осында өтеді, бұнда екі ісменде оқу деген атымен жоқ. Азанда таудан асырып сыйрды айдап, сүтің кілегейімен көк сүтін айратын қол машинаның тапжылмай кемінде бір сағат тынбай зрлатады, қарымын талдырып сүтте зорға бітеді, арасында нанды кілегейге малып жеп отырып тойып алады. Ауылдың барлық баласы жиналып жарты сағаттай үңгірлерге оқ-дәрі деп сары топрақ жинайды, асты үсті екіге бөлініп соғыс бастайды. Араларында монғол Божа, Мөңкібат, Шойнбат деген балаларда болатын, «өймелеңдей жолдастаи» деген шүлдір Божанның даусы әр кез анық естіледі, басы көзіне тиген топыраққа қарамай жер бауырлап өрге қарай келе жатады, бір кезде бет аузы қан жоса болған Божа камандир, жеңімен мұрнын тартып қойып «өймелеңдей жолдастаи» деп тағы айқайлап алға өрмелей береді. Үңгірдің алдына жақын келіп жалаушасын қадайды. Қарсы жақ үңгірден шығып қол көтеріп, артынша тізерлеп отыра кетеді солай соғыс бітеді.

Түсі асытарын ішіп келіп доп тебеді, допты өздері теуіп, өздері қулап шаршайды, қанша қатты тепсе, сонша қатты жүгірді. Доптан шаршай бастағанда Мұқан ата үйінен шығады, жабырласып атаны қоршап отыра қалады, ертек басталады, «баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда» бір бейшара қойшы бала болыпты, ол әкесінен қалған бес-он тұяқ қойын бағып ғұмыр кешіпті, бір күні бір қалың жаңбырда бір үңгірді паналап отырады, жаңбырдың арты ақ жауынға айналып тоқтамай ұзақ жауады, іші пысқан бала қолы жыбырлап топырақты шұқи беріпті әп-сәтте аржағынан есік ашылып кетіпті.... осылай небір қызықты ирімдер бұларды бірде жердің астына, бірде аспанға алып кетеді...қас қарайып күннің ұясына қалай батқанын білмей қалады, айнала азан-қазан болып бұзаулар енесіне жүгіргенде «ой жүгермек сиыр емді!» балаларын боқтай үйден аналары шығады, «сиыр емсе көк айыл әйелдің аяғы артына тиеді» арсылдай аналары қатты шабады, бұрын жеткен бұзаулардың аузы емшкке бір тиген соң ғаламат күш бітіп, еш бой бермей обырлана басын енесінің шатына тыға береді, тыға береді, енді амалы таусылған әйел мен бала сыйрды тоқпақтап қуалап үйге айдап келеді, аузынан ақ көпіршік шұбырып бұзау да аржағына бір бер жағына бір шығып енесін сауырлап ілеседі, «қап, иісініп кетті-ау», шешелері бұзауды ақыр аяғында өзіде білмейтін тылсым күшпен жұлқа тартып ноқталап береді де, ал ана қазыққа апарып байла деп шелегін алып сиырдың бауырна отыра береді..."Міне сүт дұрыс шықпай қалды" сол түні балаларды шешесі әбден сыбайды... сүттен галансу деген ұсақ бір ақ түйіршік нәрсе жасап аудан орталығына апарып сатады. Ол кәдімгідей ақша болады, ол ақшаның есебін әкелері еш сұрамайды, өз керегіне жұмсап аналары бір рахаттанады. 

Әр екі үйдің ортасында бірлесіп салған ақ тоғаннан өтетін көпір бар, Сәуленің шығысындағы көршісінің екі қызы бар, солармен бірге Сәуле ақ тоғанға түседі, жолдан біреу-міреу өтіп бара жатса ұялып көпірдің астына тығылады, Сәулені жігіт деп екі қыз аз кем ыңғайсыздана көпірдің астында бірге бүрісе қалатын.

Палунға түсіп ауылдан ұзап шығып алтыншы класта аудандық жарыста балаң жігіттердің талайын жер қаптырды...Бірақ осы күресте өзге ауылдан келген бір жігіт белінен қапсыра ішке тартып оң жамбасқа алмақшы болғанда оның қыз екенін байқап аз кем қысып барып қоя бере салды. Сол күннне кейін Сәуле «т» сын алып тастап, өз атына қайта ауысып шашын өсіріп ауылдан кетіп қыз болып аудан орталығындағы туысның үйінде жатып оқыды. Осы үйде жасы тоқсаннан асқан көзі көрмейтін әже болды. Әже бес намазын қаза жасамай әр кез шайттаның уәс-уәсасынан сақта деп дұға жасап отыратын, сонда Сәуле уәс-уәса деген сөздің не екенін білмей алжыуға аз қалған апаның сөзі деп, елеусіз қалдыратын. Сөйтсе адам көкірегіне шайтан уәс-уәса(неше түрлі ой) салған соң нәпсі сол уәс-уәсаны орындататынын кейін білді. 

Жарты жылға жетпей жалғыз қыздары үшін әке-шешесі де аудан орталығына көшіп келді. Әке- шешесі бір-біріне шын адал жар, әңгімелері таусылмаған жұптар болды, универде оқып жүргенде Сәуле олардың қалай танысып, қалай үйленгендерін неше рет сураға оқталсада, әдеп сақтап тілі күрмеле берген. Олар күн ұзақ шай ішіп күлімдеп сөйлесіп отыратын. Әкесі бес сыиыр он қойын ермек етеді, ертелі-кеш харбаластау болмаса малдарын өріске айдап үйге келіп ауладағы көк-сөкке қарап үйде болады, шешсі үй шаруасымен кір жуып-тамақ жасап, қолы қалт етсе, ошағын қайта бұзып салатын, отының басын жылқының тезегін қосып қайта-қайта сылап мұнтаздай етіп үй-ішін ретті ұстайды. Бұлар қарапайым да өте бақытты өмір сүреді. 

Орта мектепті бітіріп екі беті қызарып Алматыға оқуға келді, алты ай қыс болатын туған жерінің адамдары Алматыда өзгеше қызыл нұр шашып моншаның өзінде бірін бірі танитын. Бірінші курста оған бір әшки киген қаланың ұзын саусақ арық жігіті сөз салды, жігіт болып өскен желігі бар Сәуле оның әлжуаз денесімен шүңірек көзін байқап жақтырмады. Айнадан өзін көрген сайын қырмызы түлкідей құлпырған түріне қарап өзіне өлердей ғашық болатын. 

Әке-шешеснің жүздерінде әжім табы жиіліеп қартайғанын оқудан келгенде Сәуле байқап жүрді. Олар қашанда баяғы ыстық махаббатарымен бір біріне күлімсіреп әңгіме айтып шай ішіп отырушы еді.

Сәулет теңселе өзіне құлап келе жатқан қабырғадан шошып кетті, судан атып шығып сабын көпіршігін ағыза далаға тырдай тырағайлады, анадан туғандай екенін ендіғана аңғарды, сары атан жараған аязда сақылдап кетті, табанынан өткен суық миына жетті, қалшы-қалыш етіп тісі-тісіне тиіп тоқтаусыз селкілдей бастады, жан-жағына жалтақтай да ұялада жалына қарады, елдердің оған қарауға шамашсы жоқ, өзідерімен өздері әлек, қалыпсыз үндер, уда-шу, жылаған бала, ойбайлаған әйел, «өшір үніңді» деп өктемсіси сөйлеген жуан еркектің даусы... Көп қабатты үйдің алдында, құжынаған адамдар арлы-берлі ойқастайды, көліктерін оталдырып бала-шағасын ұмар-жұмар ішіне лақтыраған мес қарын жігіттер түтінінн будақтада қозғалды, қаладан ел қотарыла кетіп жатыр, жолдар кептеліс, бебеулеген көлік үні, жайшылықта біріне жақындап кетсе, жол сақшысын шақырып дауласып тұратын жалақорлардың өзі темір тұлпарын сызып кеткендерін елемей қаладан шығып кетуге асығып барады. Көлігі жоқтар такси шақырды... қала шетіне шығарғанға бір қойдың құнын сұрады....ауылбай деп онша жақтыра бермейтін туыстарына бағыттарын бұра құйындай жүйткіп ажалдан қашып бара жатты, ажалдан тірі жан иесі құтыла алмайды, бірақ оның аржағындағы азаптардан құтылуға болады, алайда адамдар құтылмайтыннан қашып, құтылатынға еш амал жасамайды....

Сәуле суды өшірмегенін енді есіне алды, үйіне кіруге зәре құты ұшты, бөлмесі әлі дірілдеп қозғалып тұрған сияқты, құлағын басып тағы быраз тұрды, денесі тоқтаусыз дірілдейді, өзін басқара алмайтын хәлде қалшылдап тұр, көзінен аққан мөлдір тамшылар екі бетінен өтіп, қос анарының ортасына тола бастады, кезінде жігіт болып өскендіктен бе жаны жыламады...

Бисмиллаһир Рахмәннир Рхим! Жер қатты қозғалғанда, өзіндегілерді сыртқа шығарғанда, не болып кетті деп адамдар шошынғанда, сол күні жер Жаратушының сөйлетуімен өз үстінде не жасалғанын бәрін айтады, адамдар топ-топ болып өмірінен есеп беруге жиналады. Кім тозаңның салмағындай жақсылық жасаса пайдасын көреді, кім тозаңның салмағындай жамандық жасаса жазасын алады. №99-сүре Зілзала.

***

Екі періште келді, түрлері өте қорқыншты Сәуле жастық шағынан есеп бере бастады, бір сөзін саңқылдай анық айтса, бір сөзін күбірге жақын міңгірмен аяқтайды.... Әлгі арық жігіттен кейін де бірге істейтін ашкөз жігіттің талайы оған сұғын қадаған олардың еш қайсына пысқырмады, жасы ұлғайған сайын кірпиязданды, енді міне қырықтың қырқасынан асып елуге таяды, осы жасына келгенше бір жігіттің қасына қатар жатқан емес... ол енді алдында отырған студенттерге қандай тәрбие бергенін сарнады...

Мал мүлкінен ине-сабақ жібіне дейін, ол ақшалар қайдан, қалай келгенін, жеген тамақтан соң жиналған күшті неге жұмсағанын тоқтаусыз баяндады.... Жоғары оқу орнын бітіріп өзі оқыған универде сабақ берді, ипотикаға бір бөлмелі үйді қарызға алды, сол үйде жалғыз тұрады......тілін шайнады, Құрандағы ең ұзын аят өсімқорлық туралы екенін есіне салды......

Жуан қамшның өзіне көтеріліп келе жатқан даусынан есінен танды.... үйінен шыға тасырлап қашып келе жатыр....баспалдақта ығы-жығы адам, бір кішкентай бала екпеттей құлады....шырқыраған қызыл шақалақты көтеріп анасына берді.... қырық күн тынбай есеп берді...өлі мен тірінің арасында таңның атқанын кештің батқанын біліп жатты...жанындағы қабірден ащы озандаған дауыстар естіді...Қабыр тарылып қыса бастады...

Көп қабатты үйдегі көршісі жаңа үйленген жұптар болды, басында бір бірінің «жаным-жаным» деген дауыстарын қабырғанның аржағынан естуші еді, қырық күнне кейін әйелінің көкбеттене айқайлаған даусын, күйеуінің гүж-гүж еткен үні бұның ұйқысын жиі бұзатын...

Жер үйлерде қатты сілкінді... Төк сымдар тұйқталып көрші үйден алапат өрт шықты...Сәуленің әкесі көршісінің отын сөндіруге бақанын көтере жүгірді... тағы бір көршісі өзі көріп жүрген қорада жатқан көліктің дөңгелегін ұрлап кетуге жүгірды, тағы бір көршісі қойдың басын дайын отқа ұйтып алуға зулады... көрініске бәрі де жанашыр сияқты...Шешесі әлемді жайлаған таж кеселінде тынысы тартылып жатқанын күйеуіне айтпады, оны сүйгені солай жарынң жанын ауыртпайын деп шыдады, таң ертесі тұрмай Алланың рахметіне қауышқан. Анасы өлгенге жылауы үйретпе деп Сәуле ол кезін есіне алуға зәре құты ұшады. Әкесі көршісінің отын өшіруде жанын берді...

Бір туысы басына келіп Құран оқып дұға жасады....жаны тыншып бал қаймақ ұйқының дәмін сол кезде татты. Жаратқанның нығыметіне бөленген салихтар қалаған уағында рух әлемінде бартын жеріне еркін барып келеді, өзі сияқты күн түнді сезіп, артындағы елдің жақсы жаман әңгімесін естіп жатқанына да шүкір деді, енді біреулер қараңғы мен жарықты да сезбей, мылқау түнекте тұншыға ит құса, тағы біреулер дәл мына көршісіндей азапта өкіріп жатыр...

Сыйрылар ол дауысты алыстан естіп шошыды...жылқы осқырына үркіп, алыстай берді. Түйелер тіпті ол маңға жумай шөгіп алды.

Сәуленің есіне өзімен бірге істейтін кафедарадғы жігіттің қытайшадан аударған «қасқырлар патша айымы» деген романы түсті. Автор он алты жыл Шизаң үстіртінде түз тағысы қасқырды зерделеп жазған....Бас кейпкері көксұр қаншық патшаның апандағы жирма қасқарға жанашырлығы, олардың әр біреуінің тағдыры үшін түні бойы көз ілмей аунақшып солардың ертеңі үшін қам жеуі. Патша болып тек бұйрық беріп отырмай, барлық істе өзі алда атойлап үлгі көрсетуі, әлгі бір эпизотта қойшының көк шолағына барлық қасқырдың ауыздарың суы ағып аштықтан бұратылып қыр басынан қарап тұруы, бәрі де Көксұр қаншық патшаның қас қабағын бағып рұқсатын күтуі, сол жылы жаз өте ыстық болып қуаңшылық жайлап, күзге қарай жердің қара топырағы шықты, қасқырлар тышқан қуалап қатты арықтады, қыста қатты болды, қалың қар белуардан асты, жерде түк жоқ аштықтан бұратылған байқұс көкжалдардың кез келгенің шамасы келетін көк шолаққа тиісе алмай тұр, қаншық патыша болса «адамдар шайтанның тілін алып көктке күна жасап қойып жер бетіне жаза тартып түсседе, қожа болып келді, адамдардың темір қаруы бар ұңғысы суық, одан шыққан қорғасын жанымызды жалмайды, көк шолағын жесек ізімізге түсіп тұқымызды құртады-ау» деп, кері шегінуге ыңғайлана беріп көкжалдар тобына көз салды, Бұрынғы патша Күй күйдің інісі, ағасы, жиені, нағашысы арлан абадандардың қабырғасын санап алардай, әдетте ешкімге көрсетпейтін күжірейген мойындары созылып жерге қарай түсіп кеткен. Иа, өзі патша тағына отырғанда қасқырлардың әдеті бойынша "саған бағынамыз" деп, барлығы ұятты да жанды жері жуан мойндарын ашып тамрын көрсетіп көлденең түсіп алдына жатқан, сол кезде олардың сенімін ақтауға, оларды аш қалтырмауға, жауға бермеуге, топтың жерін ешкімге таптатпауға, тұқымды тоздырмауға серт етіп мойндарынан сүйген. Міне қазір көріп тұр байқұстар ашыққанда ұятты жерін жинауғада шамалары келмей қалыпты, соғыс болса алда жүріп топ бастап өзге апанның қасқырын не бенгал жолбарысын, қодастар мен су сыйырларды апырып-жапырып тастайтын батырлар...жаны ашыды, солар үшін патшаның жаны жылады, "тәуекел" деп бұйрық беруге шақ қалды, қайтадан адамның жауыздығын ойлады... Шешесінің ынжықтығын, тым асыра ойланатын ездігін іштей ұната бермейтін, әкесі Күйкүй осы қасқырлар үшін бенгал жолбарысына жекпе-жекке шығып басын берген батыр болған. Патша баласы көк сұр абаданның енді шыдамы таусылды, сайдағы көк шолаққа атылды, тамақтан орды...қалған арландар қаумалай жемтігін ортаға алды. Бәрі тойынды. Естерін жиып болған соң адамның атын жеп қойғандарын енді білді. Қорғанбаса "адам жауыз" деп әр бірі шошыды. Шынымен романда қойшының торына түсіп сайдың ішіде қамалған қасқырлардың екеуі орға түсіп қолды болса, арпылдап жеткен танадай төбеттердің жолын бөгеп басқаларды аман жіберу үшін топтың әжесі жирма жастан асқан кәрі қаншық қасқыр құрбан болды. Апанға келіп шұғыл жиналыс ашқан көксұр патша үш қасқырдың өліміне себепші болған өзінің жалғыз ұлының етегін кесіп топтан қуды, қасқыр заңында одан асқан жаза болмайды, жалғыз қасқырды адамдар оңай жайратады, не басқа топтағы қасқырлар оны талап өлтіреді, не жалғыз өзі азық таба алмай аштан қатады....алайда ана байқұс егіле жарым түнде ақ түтек боранда қалың қарды омбылап кетіп бара жатқан ұлының артынан жылап тұрды...әр түні басқа қасқырлар ұйқтаған соң екінші асқазанындағы тамақты апарып ұлым жүреді-ау деген жерлерге тастап отырды...

Апандағы сегіз ұрғашы өлекшіннің үйлену істеріне көксұр патша жоспар жасады, ұрпақтың сапалы болуы үшін оларға күйеу таңдау ісін өте жіңішке талдады, әр арланның ата тегінен бастап зерделеді. 

Қасқырлар жасаған қоғамдық тәртіптің деңгейіне жетуге адамзат баласының алдында әлі талай ұзақ жол жатыр....

***

Сәуле аурухана төсегінде көзін ашты, ақ халатты қыздар қуана «уралап» өз әкпесі тірілгендей шаттанды. Бірақ қас қақпай бақырайып аз жатқан ол қайтадан көзін жұма берді...рухы тағы ұшты өз әлеміне...жер сілкінді қатты сілкінді, жер ана өз қойнындағы барша бүккендерін сыртқа лақтырды, қабірдегі адамдар днк-ларынан қайтадан өніп шықты...әр адам 25 жастағы өз күшінде...мақшар алаңына жинала бастады, жұмыртқа түстес аппақ та, теп тегіс алаңқайда қатар-қатар сап ұстады. Есеп дәптері оң жағынан берілгендер қуанса, сол жағынан берілгендер өкіріп жылады, жалындаған қара қошқыл отты көрді...бізді қайтадан дүниеге бір рет жіберші, бар жиғанымызды елге беріп, ізігі амал жасап, саупты іспен келейік деп жалынды...жер сілкінді ескерту, найзағай ойнады ескерту, күн күркіреді ескерту. «Құдай өлді деп» жар салған Еуропа жұртында алпаут екі соғыс өтіп тізеден қан кешті, өздері өлді... таксилер шырқырап жатқан елден артық ақша сұрады. Әр кім ниетіне қарай, болмашы амалына сауап алса, зәредей күнасына өз азабын тартатын күн басталды...

Сәуле дірілдеп шошыды... Әжесін көрді... Көзі көрмеседе тоқсанға келген жасына қарамастан үйдегі әжетханаға отырмай далаға барып таһратын алып, бес намазын өтеуші еді, анда-санда адасып кеткенін көрген Сәуле жаны ашып ұзын жіп тартып берген. Соны сипалай барған-келген сайын Сәулеге ұзақ ғұмыр тілейтін.... 

-Сен неғып келдің қайт әлі ертелеу... 

Әке-шешесін Сәуле көп іздеді, үнсіз бұлыңғыр бір дүңгіршектің ішіне кірді...иа, әне екеуін көрді, қол ұстасып алған бұған еш қарамайды, үнсіз кетіп барады... Сәуле айқайлап жіберді көзін ашты...Мед бикелер тағы шу етті....бұл жолы  кірпігін қақты...иа, Алла өмір берсең намаз оқып, қолымнан келгенше ізгі амал жасаймын деп, ернін жыбырлатып жатты...Аузына су тамызды...

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...