Түркістан: Келесте жаңа мұражай салынады

Жаңалықтар
394

Келес ауданында жыл сайын мәдени нысандардың саны артып келеді. Биыл ауданға қарасты Абай ауылы аумағынан мұражай салынады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бүгінде 0,36 га жер телімі бөлініп, сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленді. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеуге мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

Сонымен қатар балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында спорт комплексінің құрылысы қатар жүруде. Ендігі кезекті сол аймақтан жәдігерлерді сақтап, тарихи нысандар бойынша дерек беретін мұражай мен жас буынды дамыту орталығы және Рәміздер алаңын салу жоспарлануда. Айта кетейік, аудан аумағында археологиялық зерттеулер жүріп, ел шежіресінен сыр шертетін түрлі жәдігерлер табылуда. Осы ретте аудан басшысы Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасы негізінде аудан орталығы Абай ауылынан мұражай салу үшін арнайы жер телімі қарастырылып отыр, - деп жаздыТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...