Алматы отблысында орманшы ер адамға оқ атқан сәт видеоға түсіп қалды

коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2160

Желіде Алматы облысында егерь мен ер адамдар тобы арасындағы жанжалдың видеосы пайда болды. Оқиға барысында ер адамдардың бірі аяғынан оқ жарақатын алған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Өңірлік полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжал екі тарап арасындағы келіспеушіліктен туған», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...