Алматыда 13 ағайындының істеген сұмдығы елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2051

Прокуратураның үйлестіруімен Алматы Полиция департаменті айыпталушы мен оның 12 туысына қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Айыпталушы мессенджерлерде хат-алмасу чаты арқылы Қытайдың, Өзбекстанның және Ресейдің зауыттарымен тікелей жұмыс істейтінін, сондықтан оның ыдыс-аяқ, жиһаз және үйге арналған басқа да керек-жарақтар бағасы төмен екенін айтқан. Алайда іс жүзінде қылмыстық схеманы жасыру мақсатында Алматы базарларынан өзі шығынға ұшырай отырып тауар сатып алған.

Аталған шығындарды қатысушылар 6 айдан 12 айға дейін күттірте отырып көтерме тапсырыстармен өтеген.

"Қатысушылар қымбат автокөліктерді, пәтерлерді, үйлерді, жерлерді, киімдерді, саяхаттарды сатып алуға, сондай-ақ букмекерлік кеңселерде ақша тігуге қаражат жұмсаған.

Тергеу барысында 34 автокөлік, 2 пәтер, 1 пентхаус, жер учаскесі бар 2 тұрғын үйге тыйым салынды", - делінген хабарламада.

Еліміз бойынша Алматыдан бастап Саран қаласына дейін 4,6 миллиард теңге сомасына 290 адам қылмыстың құрбаны болып танылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...