Самал Еслямоваға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті

ЖАҢАЛЫҚТАР
3823

Жақында ғана 71-халықаралық Канн фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» аталымында жеңімпаз атанған Самал Еслямоваға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақлов үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Облыстық әкімдікте актрисамен кездесу өтіп, Самал Еслямованың туыстары, мұғалімдері, актриса оқыған өнер колледжінің студенттері де келді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Самалдың тек Солтүстік Қазақстанның емес, бүкіл мемлекеттің мақтанышы екенін атап өтті.

«Біздің мемлекеттегі және ТМД мемлекеттеріндегі ешбір актер мұндай жоғары сыйлықты иеленген емес. Сіздің фильм режиссері Сергей Дворцевпен бірлесе жасаған жұмысыңыз еліміздегі кино индустриясын дамыту және дәріптеу саласында өскелең ұрпаққа үлгі. Айта кетсек, режиссер Сергей Дворцев те – Қазақстан тумасы», – деді Құмар Ақсақалов.

Өз кезегінде сөз алған актриса «Баршаңызға алғысым шексіз. Өз үйіңде болу адамға ерекше қуаныш сыйлайды. Шексіз бақыттымын« деп ризашылығын білдірді

madeniportal.kz

author

Самал Еслямова

АКТЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...