Түркістан облысында жоғалған 46 жастағы ер адам табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. ТЖМ мәліме...
Америкалық рэпер P. Diddy-ге тағы да қандай айып тағылды?
Фото: Passion.ru
Америкалық рэпер P. Diddy-ге (шын аты — Шон Комбс) ауыр айыптар тағылды. Адвокат Тони Базби музыкантқа қарсы жаңа бес түрлі талап арыз беріп, оны сексуалдық зорлық-зомбылыққа, оның ішінде ер адамдарға жасалған әрекеттерге қатысы бар деп айыптады, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап.
Бұл іске 120-ға жуық жәбірленушінің қатысы бар екені айтылды.
Айыптар қатарында есірткі қолданып жасалған зорлық, кәмелетке толмағандарға қатысты әрекеттер және сексуалдық сипаттағы зорлықтар бар.
Жәбірленушілердің бірі Нью-Йорктегі кеште алкогольді сусын ішіп, есінен танып қалғанын айтады. Есін жиғанда, қара түсті қабырғалары бар бөлмеде, қара түсті төсекте оянған, зорлыққа ұшырағанын білген.
Майами мен Хэмптонс қалаларындағы оқиғаларда жәбірленушілерге сусындарына есірткі қосып, зорлық жасағаны туралы мәлімделді. Кейбір жәбірленушілер, соның ішінде 18 жастағы қыз бен 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім, бұл туралы айтса, өз өмірлеріне қауіп төнетінін айтып, қорқытқанын жеткізді.
Бұл істің тағы бір маңызды тұсы – адвокат Тони Базбидің өзіне де айып тағылғаны. Бір танымал тұлға Базбиді жалған айыптарды жарияладың деп қорқытып, ақша талап еткен.
Ал P. Diddy бұл оқиғаға қатысты әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда бұл жанжал қазірдің өзінде қоғамда үлкен резонанс тудырды.