Алматыдағы жантүршігерлік кісі өлімі: күзетші мен күдіктінің неге жанжалдасқаны белгілі болды

Жаңалықтар
977

Алматы қаласы Әл-Фараби даңғылындағы элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшіні аяусыз өлтірген адам туралы жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Кешен тұрғындарының айтуынша, күзетшіні бір емес, бірнеше рет көлікпен басып, артынша басына бөтерке сындырып, одан қалды тепкілеп өлтірген 45 жастағы ер адам Меркурий Таун ТК-де бірнеше жыл бойы ата-анасымен тұрып келе жатқан көрінеді. Ол үнемі көршілердің мазасын алып, есік-терезесін сындырып, бұзақылық жасап жүретін атышулы нашақор болып шықты. 

«Меркурий Таун» тұрғын үй кешенінің ПИК мүшелері күзетші мен күдіктінің арасында қандай жанжал болғанын толық айтып берген, деп хабарлайды tengrinews.kz.  

«Ол үнемі ішімдік пен есірткіге тойып алып, шу шығаратын, көлікке отырамын деп ұмтылатын. Оның ата-анасы үнемі жалынып, әрқашан біздің адамдардан көмек сұрайтын. Бұл жолы да ол мас күйінде көлік жүргізгісі келді, бірақ біздің кезекші күзетшіміз Нұрбол оны жібермеді. Алайда ол бәрібір қақпаны ашқызып, кетіп қалды. Нұрбол оның соңынан еріп, қайда кеткенін бақылады да, қақпаны жаба бастады, осы уақытта ол машинамен бар жылдамдықпен келіп, Нұрболды үш рет соқты, содан кейін машинадан шығып, басына бөтелкені сындырды, содан кейін оған секірді"», - деді «Меркурий Таун» ТК ПИК-те.

Куәгерлердің айтуынша, олар бұған дейін де күдіктінің есірткі қабылдап алып, шу шығарған кезінде бірнеше рет полиция шақырған. Алайда бұл жауапкершіліктен оңай сытылып кетіп отырған.  

Қайтыс болған күзетші 30 жаста екені белгілі. Оның артында әйелі мен үш баласы қалды. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Алматыда жантүршігерлік қылмыс орын алған. Элиталық тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіні көлікпен бірнеше рет соғып, артынша тепкілеп өлтірген. Мұның бәрі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. 

Осыдан кейін күдікті полиция келген кезде қашып кетпек болып, онысынан ештеңе шықпасын түсінген соң, 14-қабаттағы өз пәтеріне көтеріліп, терезеден секіріп кеткісі келген. Алайда тәртіп сақшылары бұған жол бермеді және оны қолға түсірді.

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...