Астана мектеп салудан рекорд орнатпақ

Фото интернеттен

Жаңалықтар
236

Астанада салынып жатқан мектептердің саны рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.  

Қазіргі уақытта 34 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Аталған оқу орындары 102 мың оқушыны (2 ауысымда) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Астанада жыл сайын қала халқы, соның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың саны жылдам артып келеді. Осыған байланысты елорда әкімдігі жыл сайын тұрақты негізде мектептер салуда. Мысалы, ағымдағы оқу жылында 12 мектеп салынды. Қазіргі уақытта 34 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 25-і жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Аталған мектептер 71 мыңға жуық оқушыны (2 ауысымда) мектеппен қамтуға мүмкіндік береді. Атап айтар болсақ, Есіл ауданында - 9, Нұра ауданында - 7, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында - 2-ден, Алматы ауданында - 5 мектеп қолданысқа беріледі.

Бұлардың қатарында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан оқу орындары да бар. Осы ұлттық жоба аясында 2024-2025 жылдары 24 мың оқушыға арналған 90 жайлы мектеп салынады, оның 15-і Есіл мен Нұра аудандарында орналасады.

2028 жылға дейiн барлығы 200 мың оқушыға (2 ауысымда оқитын) арналған 80 мектеп салу жоспарланып отыр.

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...

Жаңалықтар

Елордада 18 мамыр күні Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жоспарланған концерт ұйымдастырушыл...