Ірі қалалардың бәрінде «ит базары» бар. Ит іздеген адам осы жерден Орта Азия...
Жастарға жалға берілетін тұрғын үй алу шарттары өзгереді
Фотосурет: Ашық дереккөзден
Жастар және отбасы істері комитеті жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру ережесіне өзгерістер жобасын әзірледі, деп хабарлайды madeniportal.kz.
жыл сайынғы жинақтау шегі – жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай қатысушылары үшжақты келісім шарт шеңбері негізінде ұрғын үй құрылысы жинақ банкiндегі бір жылдық жинақ шоты, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі айлық есептік көрсеткішке сәйкес кемінде 170 (жүз жетпіс) еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жылдық жинақ шотында (депозитте) жинақталған ақша сомасы;
тұрғын үй құрылысы жинақ банкi - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрлысы жинақ ақшасы туралы» заңның 5-бабында көзделген қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар банк;
Жыл сайынғы жинақтау шегі ұғымы – өңірлік бағдарламаларына қатысу үшін жеңілдетілген ипотекалық несиеге қажетті жыл сайынғы жинақ шотында жинақталған ең төменгі сомасын айқындау мақсатында енгізіледі.
Астана және Алматы қалаларында өңірлік бағдарламалардың қолданыстағы шарттарына сәйкес қазіргі таңда ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеден кем емес, ал бастапқы жарнаның мөлшері - 10 % құрайды.
Осылайша, жеңілдетілген бағдарламаларға қатысу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде кемінде 1,8 млн. теңге көлемінде бастапқы қаржысы болуы қажет.
Тұрғынжайды жалдау мерзімінің ұзақтығы 3 жылға дейін болғандықтан, әр жыл сайын жинақ қорында жинақталған қаржы мөлшері кемінде 600 мың теңгені немесе кемінде 162 ең төменгі есептік көрсеткішті құрауға тиіс. Ең төменгі есептік көрсеткіштің қаржы мөлшері ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен реттеледі.
уәкілетті органның бекіткен нысан бойынша өтініш беруші, уәкілетті орган мен банк арасында жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру туралы бағдарламаға үш жақты шарт жасасуы негізінде болады.
Мұндай шартты жасасу бағдарламаға қатысушылардың тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесі шеңберінде бастапқы жарна ретінде ақша сомасын жинақтауының кепілі болып табылады. Сондай-ақ, банк жинақ шотына жыл сайынғы жарналарға және жастардың өз тұрғын үйін сатып алу үшін жинақтарын қалыптастыру процесіне мониторинг жүргізетін болады.
Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай алу үшін қойылатын негізгі талаптар:
1) отыз бес жасқа толмаған (34 жасқа дейін), Қазақстан Республикасының азаматы;
2) жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген;
3) өтініш берушінің облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы орналасқан мекенде, өтінім берер алдында соңғы 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуінің болуы;
4) облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы орналасқан мекенде, өтініш берушінің отбасы мүшелерінің тұрақты тіркеуінің болуы;
5) өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларымен, апатты жағдайда тұрған, құлау (қирау) қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берер алдында соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің болмауы;
6) өтініш берушінің соңғы 6 айда кемінде 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы табысының болуы;
7) облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы орналасқан мекенде, өтініш берер алдында соңғы 3 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;
8) банкте жинақ шотының (депозиттің) болуы;
Бұл ретте, өтініш беруші немесе отбасы мүшелері кәмелетке толғанға дейін алған тұрғын үйде үлесінің болуы қатысуға кедергі келтірмейді. Өтініш берушіге жұбайымен (зайыбымен), бірге шарт жасалған кезден бастап басқа жалға берілетін тұрғынжай конкурына қайта қатысу құқығынан айырады.
Жалға берілетін тұрғын үйді алу үшін уәкілетті органға ұсыну қажет құжаттардың тізбесі жаңартылады:
1) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің, балалардың туу туралы жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) білімі туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
5) жұмыс орнынан анықтама;
6) өтініш берушінің кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ай сайынғы табысын растайтын соңғы 6 (алты) айдағы табыстары туралы анықтама;
7) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
8) жинақ шотының болуы және нөмірі туралы анықтама және ол бойынша ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме;
9) жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмесі (соңғы 6 ай);
10) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың бүкіл кезеңі үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы хабарлама (куәлік);
11) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеке кәсіпкер ретіндегі қызметтің соңғы жылындағы кірістер бойынша салық декларациясы;
12) өтініш берушінің өтініш бергенге дейін соңғы 3 (үш) жылдан кем емес облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы орналасқан мекенде тұрақты тіркелуі (электронды форматта);
13) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай бағдарламасы орналасқан мекенде тұрақты тіркелуі (электронды форматта);
Өтініш, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген құжаттар, уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы арқылы не уәкілетті орган құрған платформа арқылы беріледі.
Уәкілетті орган сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай беру туралы шешім қабылдағаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде өтініш беруші мен уәкілетті орган арасында 1 жылға тұрғын үйді жалдау шарты ары қарай ұзарту мүмкіншілігімен жасалады. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай – 3 жылдан артық емес мерзімге беріледі.
Бағдарламаға қатысушылар тұрын үй құрылыс жинақ банкіне бастапқы жарна шотында жинақталған қаражатын алдағы уақытта әртүрлі жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға одан әрі қатысуға жағдай жасайды.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай – 3 жылдан артық емес мерзімге беріледі.