Баһадүр Ялантуш (Жалаңтөс) расында өзбектің Алшын руынан!

Фото интернеттен

ТАНЫМ
1470

                            1. Ялантуш (Жалаңтөс) жайында өрбіген қисынсыз әңгімелер 
       Осы күні «қалай айтамын, сөзім солай қаз-қалпында қабылдануға тиіс, ешқандай күмән болмауы керек» деген өктемсіген дойыр мінез етек алды. Шындықпен еш қабыспай тұрған әрекетін, пікірін түземек боп оң ниетпен он дәлеліңді айтсаң, жүз өтірігін «айғақ» қып, «ойбай-аттанға» салып шыға келеді. Мән-жайды түсінбесе де жөн-жосықсыз даурығып, қоштай кететін орта жолдан қосылатын тобыр-топ та даяр отырады. Бұл – ет үйренген қалыпты жағдайға айналды...       
       Айтпағымыз басқа еді. Бәрінен де жоқты бардай, ақсақты тыңдай етіп, сорақылыққа барып жүрген ғалымдарды көргенде санасы жарымжандарға сөз ұқпадың деу – тіпті жөнсіз екен. Пікірімізді осы тұрғыда өрбітпекпіз. 
       Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты сайтының парақшасында жариялаған  «Жалаңтөс» аталатын мақаласын былай деп бастапты: «Жалаңтөс (Әбдікәрім) батыр Сейтқұлұлы (Байқожаұлы), Ялантуш баһадүр (15 қыркүйек 1576 – 1656) – мемлекет қайраткері, қолбасшы, батыр, би. Кіші жүздің әйгілі биі Әйтекенің арғы атасы». 
       Бұдан кейін ол Жалаңтөс есіміне «Әбдікәрімді», Сейітқұлға «Байқожаны» неліктен қосарлап жазғанын былайша «дәлелдеуге» көшеді: «Біздің ойымызша «астын сыздық.-Б.К.) ...Сейтқұл  қожаларға жақын есімді қабылдап, Байқожа би атанған.  Осылайша,  кейбір жазба деректерде, және «Даһбет» қорымында Сейтқұлдың аты Байқожа болып жазылып кетсе керек.  Осындай себеппен өз кезегінде Жалаңтөс те осында, өзіне жаңа шығыстық есімді қабылдап, Абдулкарим атанған (астын сыздық.-Б.К.).
       Мінекей, тарихшының бұлтартпас нақты дәйегі жоқ, бірақ «біздің ойымызша» деп долбарлаған. 
       Т. Омарбеков «Байқожа» есімін тағы да былай деп құбылтады: «Осындайда Байқожаны Байқажы деп атап, бұл қажылыққа барып келген малы көп Сейтқұлға келіндерінің қойған қосымша аты екен деген пікірлер бар...»
       Басқасы басқа, біреулердің ойдан қиыстырып таратқанын дәлел қып ұсынып отырған атағы дардай тарихшының білік-танымы осындай болса, өзгелерге не дауа беталды лағып жүрген?!
       Қазақтың ардақты тұлғасының бірі – Халел Досмұхамедұлы 1928 жылы Ташкентте жарық көрген «Родословная Жалантус» батыра (Ялантуш-Баһадура) строителя медресе Тилля-кари и Ширдар  гор. Самарканде» деген еңбегінде  аталған медреселерді Әлімнің Төртқарасынан тарайтын Жалаңтөс салдырған деген пікір айтады. Бұл сөзіне княз Масальскийдің: «Туркестанскій край» атты кітабындағы «Мечет и медресе Тилля-кари (т.е. раззолоченная) построена въ 1674 г. эмиръ Ялангтушемъ-бахадуромъ (полководцемъ Имамъ-кули-хана) из узбекскаго рода «алчин» (астын сыздық.-Б.К.) деген мәліметін негіз етеді (Қараңыз: Туркестанскій край. Том девянадцатый. Составилъ княз А.Ф. Масалскиій. С.-Петербургъ. Изданіе А.Ф. Девріена. 1913. Стр. 674). Сонымен қатар Сырдария губерниясының Қазалы уезіне қарасты Сарытоғай болысында ұрпақтары тұратынын және куәлікке тартады...               
       Х. Досмұхамедұлы жазып қалдырған генеалогиялық шежіреде Кіші жүздегі Алшын-Төртқара Сейітқұл сары бәйбішесінен – Сейтімбет, Төлес, Ақша, ал қара кемпірінен – Қожағұл, Жалаңтөс, Қалматай, Түрікпен, Дүйсеней, Семетей, Кенже есімді ұлдар көрген.                                                                 
       Жалаңтөстен – Сатыбалды, Раңбай, Наурыз деген ұрпақтар тараған.        


       Х. Досмұхамедұлы «Бұл... 1920 жылы білгір шежіреші Молдиман ақсақал Шонтаевтың аузынан жазылып алынған» депті. Осы жерде қате түсінік тумауы керек, «бетпе-бет сөйлесіп, өзі түзіп алған екен» деген. Олай емес, И. Қасымов есімді кісі берген, оған рахметін айтып өткен (Қараңыз: Досмұхамедұлы Х. Аламан (Құрастырушылар, алғы сөзін және түсініктемелерін жазғандар – Ғарифолла Әнесов, Аманқос Мектепов, Шәмшәдин Керімов) – Алматы: Ана тілі, 1991. 42-бет). 
        Қолымыздағы «Документы к истории аграрных отношений в Бухарском ханстве» аталатын аса құнды еңбекте былай делінген: «Узбекистан имеет богатейшие фонды среднеазиатских актов: в одном только собрании Института востоковедения Академии наук Узбекской ССР насчитывается свыше 2700 подлинных вакуфных, жалованных грамот, ярлыков, купчих, закладных, дарственных, арендных и прочих документов XV-XX вв» (Қараңыз: «Документы к истории аграрных отношений в Бухарском ханстве. Выпуск I. Акты феодальной собственности на землю XVII – XIX вв. Подбор документов, перевод, введение и примечения О.Д. Чехович. Под редакцией А.К. Арендса. Издательство Академии наук УзССР. Ташкент, 1954. Стр. 6)
       Нақтылап ескерте кетейік, бұл кітапта пікірімізге арқау болып отырған – Ялантушке де (қазақша Жалаңтөске) тікелей қатысы бар көне заманнан жеткен арап әрпінде түзілген архивтік мәліметтер, билердің мөрлері басылған мәтіндер, олардың орысша аудармалары берілген. Кейбір тұстарында түсініктемелер жазылған... 
       Осы еңбекке енген жерге иелік ету актісінде таңбаланған мәтіннің аудармасын назарға ұсынайық, онда былай делініпті: «(Это) было 10-го числа месяца сафара 1053 года, когда правильное, законное представление сделал его высокородие, средоточие добродетелей мулло Бадйъ, сын прибежища отпущения (грехов), охунда мулло Саъй да, который являлся законным, уполномоченным на все дела довернным лицом, с установленной довернностью, при ясном, справедливом доказательстве принимаемых в соображение условий, как надлежит законным путем, особо (определенным) для этой сделки, которая далее будет упомянута, со стороны средоточия счастья, средоточия храбрости, отпрыска великих эмиров, его высокородия Бой бека а он сын высокостепенного убежища эмирского достоинства (астын сыздық.-Б.К.), орудия правосудия, радости султанов, собеседника хаканов, покровителя несчастных и бедных, похвального качества великих эмиров, кормильца знатных и простых, порядка мира и веры, отличенного милостью владыки-создателя, превосходительного Ялангтуша атолиқа (астын сыздық.-Б.К.) – да продолится господство его и увеличится (срок) жизни его!» (Қараңыз: «Документы к истории аграрных отношений в Бухарском ханстве. Выпуск I. Акты феодальной собственности на землю XVII – XIX вв. Подбор документов, перевод, введение и примечения О.Д. Чехович. Под редакцией А.К. Арендса. Издательство Академии наук УзССР. Ташкент, 1954. Стр. 35.).        
       Х. Досмұхамедұлы «білгір шежіреші» деп зор баға беріп отырған Молдиман ақсақал өзі талдап, таратқан ата тегінде Жалаңтөстің (Ялантуштің) Байбек (Бойбек) есімді ұлы болғанын неге атап өтпеген атамыз екінші әйелінен осындай да ұрпақ көрген еді деп?!  
         Сонау уақыттан бері, яғни 1920 жылдан Молдиман Шонтаев таратып қалдырған шежіреден күні бүгінге шейін ауытқымай, соны тірек қылып келе жатып, аяқ астынан Сейітқұлға «Байқожа», Жалаңтөске «Абдукарим» есімдерін қосарлау – нендей мәжбүрліктен туа қалды?! Бұл – шынымен де шүбә тудыратын жайт.  
        Т. Омарбеков және бір пікірінде былай депті: «Ал енді «Даһбет» қорымына ...оралар болсақ, тек қожалар ғана жерленетін бұл қорымынан өзіне, туыстарына жер алу өзі қожа тұқымына жатпайтындықтан Жалаңтөске оңайға түспеген (астын сыздық.-Б.К.) Оның осы қорымнан жерді сол дәуірдегі сопылардың жетекші пірі Хожа Хашимиден сатып алғаны туралы дерек айтылады. ...Жалаңтөс баһадүрдің өз әкесімен бірге келіп аталған әулиеге қол беріп, оған мурид болып қабылданып, оның тәрбиеленушілерінің қатарына кіргені белгілі. Бұл кездесу деректерге қарағанда 1606 жылы болған тәрізді». 
        Ялантуштың (қазақша Жалаңтөстің) атақты Дагбид қорымындағы осы күнгі денесі жатқан жерді аса қиындықпен бұрынырақта сатып алып қойғаны жөнінде ешқандай дерек жоқ. Анығында оның аса қадірлі тұлғалардың қатарында жерленуі – Бұқар хандығының қорғаны болып, сіңірген зор еңбегі үшін көрсетілген үлкен құрметтен еді.   
       Сондай-ақ, «Жалаңтөс баһадүрдің өз әкесімен бірге келіп ...әулиеге қол беріп, оған мурид болып қабылданғаны» жайлы мәлімет Самарқан әміршісі Ялантушке (қазақша Жалаңтөске) қатысты күллі зерттеу еңбектерде, архивтік құжаттарда мүлде кездеспейді. Бұл да – ойдан шығарылған!
        Т. Омарбековтің, тағы басқалардың «Жалаңтөс (өзбекше Ялантуш) қожаларға жақын болу үшін азан шақырып қойған есімін «Абдукарим» қып өзгерткен» деген сөздерінің растығына көз жеткізгіміз келіп, Бұқар хандығы мен Самарқан шәрінің шежірелеріне, Шир-дор, Тиляя-Кари медреселері тарихына қатысты жазылған бәленбай том еңбекті мың ақтарып, жүз төңкердік. Алайда дәлелдейтін бұлтартпас айғақ таппадық. Ескі заман құжаттарынан «...как надлежит по закону, ходжа Абуррахим, сын Абдулкарима...» (астын сыздық.-Б.К.) деп түзілген сөйлемді ғана кезіктірдік. Жалаңтөске (Ялантушке) жапсырып жүрген есім осы «Абдулкарим» болса керек. Бірақ мұның айтылып жүрген әңгімеге түк жанаспайтынын көріп тұрмыз (Қараңыз: «Документы к истории аграрных отношений в Бухарском ханстве. Выпуск I. Акты феодальной собственности на землю XVII – XIX вв. Подбор документов, перевод, введение и примечения О.Д. Чехович. Под редакцией А.К. Арендса. Издательство Академии наук УзССР. Ташкент, 1954. Стр. 73).   
        «Бұқар хандығында жерді иелік етуге қожалар ғана хұқылы болған» деген сыңайдағы  сөздің дәйексіз екенін тағы бір дәлелмен анықтай кетейік. «Документы к истории аграрных отношений в Бухарском ханстве» кітабында былай делінген: «Второй участок, известный под названием Широбхона, с запада примыкает к земле имея умершего кипчоқа Ходжа Шохи (астын сыздық.-Б.К.), настоящее время находящейся в руках ходжа Абдукарима...» (Қараңыз: «Документы к истории аграрных отношений в Бухарском ханстве. Выпуск I. Акты феодальной собственности на землю XVII – XIX вв. Подбор документов, перевод, введение и примечения О.Д. Чехович. Под редакцией А.К. Арендса. Издательство Академии наук УзССР. Ташкент, 1954. Стр. 75)
       Міне, куә боп отырмыз, құжатта қожа Шохидың қарадан шыққаны, яғни, руы «қыпшақ» екені тайға таңба басқандай көрсетілген. Сонда жерді бұл да есімін өзгертіп алған ба екен?!    
       Аталған хандықта жер беру, сату шешімін тек қожалар қабылдамаған, бұл іске әр рудан, яғни қарадан шыққан билер де қатысқан. Мұны да архивтік құжаттармен айғақтайық. Былай делінген онда: «Присутствующие в собрании: ...Бузахур бий қирқ, Фулот бий қипчоқ, Хасаноқ чухраақоси қипчоқ, Қутлуқ ходжа бий хитой, Худойберди мирзо хитой, Гадой чухраақоси хитой, Тунгут бий минг, Бурон бий минг, Ойбош бий минг...» (Қараңыз: «Документы к истории аграрных отношений в Бухарском ханстве. Выпуск I. Акты феодальной собственности на землю XVII – XIX вв. Подбор документов, перевод, введение и примечения О.Д. Чехович. Под редакцией А.К. Арендса. Издательство Академии наук УзССР. Ташкент, 1954. Стр. 83).
       Мұндағы «қирқ», «қипчоқ», «хитой», «минг» – ру аттары.  
       Куәлікке тартқан жоғарыдағы бұл деректер де «Кіші жүздегі Алшын Төртқара руынан шыққан әкелі-балалы Жалаңтөс пен Сейітқұл қожаларға жақын боп Самарқан өңірінен жер алу үшін есімдерін «Абдулкарим», «Байқожа» қып өзгерткен» деген сарындағы әңгіменің негізсіз, бұрмалаушылық екенін толық дәлелдеп тұр...       
       Ялантушті (Жалаңтөсті) «қазақ» деушілер «Алшын дегеніміз – Кіші жүз, өзбектер руға бөлінбейді, сондықтан оларға еш қатысы жоқ!» дейді. «Самарқан әміршісі Жалаңтөс – қазақ, Алшыннан тарайтын Әлімнің Төртқарасы!» дейді. Шындығында солай ма, соны тексерейік енді.  Әуелі қазақ ішіндегі «Алшынға» тоқталайық. 

                                 2. Қазақ құрамындағы Алшынның шежіресі

       Тарихта, ауыз екі әңгімелерде қазақтың Кіші жүзі бұрын «Алшын» аталған делінеді. Осыған аз-кем тоқтала кетейік.                  
       Қолымыздағы шежіреде былай дейді: Алшыннан – Алау. Алаудан – Құдияр Тентек. Құдияр Тентектен – Кәдірқожа (кейінгі есімі –  Қаракесек.-Б.К.), Қыдырқожа (кейінгі есімі – Байұлы.-Б.К.). 
       Қаракесектен – Әлім, Шөмен. 
       Әлімнен – Жаманақ (Шекті) Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қаракесек), Тегенболат (Қарасақал), Тойқожа (Кете). 
       Шөменнен – Шөмекей, Дөйт (ұрпақ жоқ). Шөмекейден – Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғұл.
       Ал Қыдырқожадан (Байұлы) – Беріш, Байбақты, Адай, Есентемір, Алтын, Жаппас, Қызылқұрт, Алаша, Таз, Ысық, Шеркеш, Тана.  
       Міне, ел аузынан түзілген аңызда Қаракесек пен Байұлынан өрген осы жиырма төрт тайпа ел «Алшын» атанған делінеді. Әрине, бұл шежіренің бірнеше нұсқасы бар, олардың мынаусы дұрыс, анаусы қате деп дөп басып айту өте қиын. Басымында баяндалатыны –  Әлім-Шөмен және Байұлының бір кездері «Алшын» атауымен жүргені.
       Бір деректерде Жетіруды да Алшынға қосқан.       
       Ғалым Сәрсен Аманжолов  «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» аталатын зерттеу еңбегінде бүй деген:  «Алшыны делятся на три главных племени (ветви):
       1. Алим (или Алим-улы),
       2. Кадыр-кожа (прозванный Бай-улы) и
       3. Карт-казак, прозванный потом Жетыру (жеты – семь, ру – род).
       Ветви Алим-улы: кара-сакал, кара-кесек, кете, дорт-кара, чомокей и чеклы (по Левшину), чекты (по Ахметову)... 
       Ветви Бай-улы: адай, жаппас, алача (алаша), байбакты, маскар, берч (берш), тазлар (таздар), есентемир, черкеш (черкес), тана, кызыл-курт, ших-лар (ысык) и алтын. 
       Ветви Жетыру: кердеры, телеу, жагалбайлы, рамадан, табын, тама и кереит» (Қараңыз: Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Часть первая. – Алма-Ата, 1959. Стр. 41).
       Мұның дұрыс-бұрысын анықтау – міндетімізге жатпайды.    
       
           3. Орыс, басқа да деректерде таңбаланған өзбектің Алшын руы хақында

       «Путеводитель по Туркестану и Средне-Азіатской железной дороги» аталатын еңбекте Я. Дмитреев-Маманов деген былай деп жазады: «Тилля-Кори (раззолоченная) построена въ 1618 г. Эмиромъ Ялангътушемъ-бій-Аталыкомъ-Богадуромъ из узбекского рода Алчинъ (астын сыздық.-Б.К.)», – деп жазады. Ол бұдан кейін тағы да: «Ширъ-Доръ построена 1616 г. также, какъ и Тилля-Кори, Эмиромъ Яланг-тушеъ-тущемъ-бій-Аталыкомъ... – дей келіп, әрі қарай мына жайтты баяндайды. – Къ найболее характернымъ надписямъ, высеченнымъ на камняхъ въ мадраса Шир-Доръ, принадлежитъ следущая въ стихахъ наперсидскомъ языке:
                     Эмиръ – полководецъ, справедливый Яланг-Тушъъ:
                     Языкъ, могущій выразит слова восхваленія его совершенствъ – жемчугъ,
                     Такое мадраса соорудилъ на земле, 
                     Что его высотой возгордилас передъ небомъ:
                     Въ несколько карновъ не взберется на вершину его башень
                     Искуссный Хариф мысли по Команду.
                     Когда архитекторъ изобразилъ сводъ его арки,
                     То небо отъ удивленія прикучило новую луну, как палец.
                     Как Яланг-тушъ Богадуръ былъ основателемъ его.
                     То годъ постройки его названъ «Яланг-Тушъ Богадуръ» (Қараңыз: Путеводитель по Туркестану и Средне-Азіатской железной дороги. Историческимъ очеркомъ сооруженія и эксплоатаціи Закаспиійской военной железной дороги и очеркомъ сооруженія Оренбургъ-Ташкентской дорогой. С-Петербургъ. Тип. Исидора Гольдберга. 1903. Стр. 325, 327-328).
       Тағы бір айғақ берейік. Д.И. Эварнацкий есімді орыс: «Мечет Тилля-кари построена в 1618 году христіанской эры Ялангтушемъ Багадуромъ из узбекскаго рода Алчина; (астын сыздық.-Б.К.) стройтель усердно украсилъ зданіе золотомъ, почему мечеть и получила свое названіе (поперсидски «тилля» – золото, съ приставкой «кяр» – золоченый). Мечетъ Ширъ-даръ построена въ 1616 году, по уверенію Абу-Тагиръ-ходжи, названнымъ выше Ялангтушемъ Багадуромъ, из узбекскаго рода Алчина... (астын сыздық.-Б.К.)», – депті  (Қараңыз: Эварнацкій Д.И. Путеводитель по Средней Азій отъ Бау до Ташкента въ археологическомъ и историческомъ отношеніяхъ. Ташкентъ. Типо-литографія наследниковъ С.И. Лахтина. 1893. Стр. 73, 77.). 


       Самарқанның өзбектері айтпаса Ялантуштің (Жалаңтөстің) Алшын руынан екенін діні бөлек, жер-суы бөлек орыстар қайдан біледі.
       Өзбектердің де ертеректе ру-тайпаларға бөлінгеніне, олардың ішінде Алшынның да болғанына XIX ғасырдың алғашқы жартысында Бұқар хандығына сапарлаған орыс офицері Н. Ханыковтың мына мәліметі де бұлтартпай куәлік береді, бүй дейді ол: «Узбеки. Племя это есть безъ сомненія первенствующее не столько по числу сколько по единству въ Бухарскомъ Ханстве, они разделются на роды и отделенія подобно нашимъ Киргизамъ, имеють старшинъ и Біевъ, которые пользуются въ своемъ роде некоторымъ уваженіемъ (астын сыздық.-Б.К.). Прежде чемъ мы приступимъ къ описанію местъ ихъ кочевья и образ жизни мы думаеамъ полезнымъ представить список всех Узбекскихъ родовъ и некоторых даже съ подъ отделеніями, заимствованный нами изъ книги Нассядъ Намяти – Узбеккія они суть следующія:
       1. Мангытъ. I. Тукъ Мангытъ. II. Акъ Мангытъ. III. Кара Мангытъ. 2. Минг. 3. Юзь. 4. Кыркъ. 5. Унгъ. 6. Унгачитъ. 7. Джилаиръ. 8. Сарай. 9. Кунградъ: 
       I. Канджагалы. 1) Урусъ. 2) Кара-Курсакъ. 3) Чульликъ. 4) Куянъ. 5) Кульдаулы. 6) Мильтякъ. 7) Куртугы. 8) Галя. 9) Тупъ-Кара. 10) Кара. 11) Кара-Бура. 12) Ногай. 13) Билькялыкъ. 14) Дустьникъ.
       II. Оинлы. 1) Акъ-Тана. 2) Кара. 3) Чуранъ. 4) Туркмянъ. 5) Куукъ. 6) Бишьбала. 7) Кара-калпакъ. 8) Качай. 9) Хяджь-Бяча.
       III. Куштамгалы. 1) Куль-Аби. 2) Бармакъ. 3) Куджяхуръ. 4) Кул. 5) Чубурганъ. 6) Каракальпакъ-Куштамгалы. 7) Сяфярбизъ. 8) Дилъбяри. 9) Чакчаклы.
       IV. Уактамгалы. 1) Тартугли. 2) Ага-Майли. 3) Ишыкали. 4) Казынъ-Джили. 5) Уюгли. 6) Букаджли. 7) Кайгали.
       V. Кыръ. 1) Джузили. 2) Кусяули. 3) Тирзь. 4) Балыкли. 5). Куба.
       10. Яльчинъ. (астын сыздық.-Б.К.) 11. Аргунъ. 12. Найманъ. 13. Кипчакъ. 14. Чичакъ. 15. Уйратъ. 16. Калмакъ. 17. Каръ-ту. 18. Бурлак. 19. Буслакъ. 20. Самарчинъ. 21. Катаганъ. 22. Галячи. 23. Кипягазъ. 24. Бутрякъ. 25.  Узой. 26. Кабатъ. 27. Хытай. 28. Канглы. 29. Узь. 30. Чупьлячи. 31. Тупчи. 32. Утарчи. 33. Упулячи 34. Джулунъ. 35. Джидъ. 36. Джують. 37. Чил-джуютъ. 38. Буй-маутъ. 39. Уй маутъ. 40. Аралатъ. 41. Кирейтъ 42. Унгутъ 43. Кавгытъ. 44. Халяуатъ. 45. Масадъ. 46. Муркутъ.  47. Беркуутъ. 48. Кураласъ. 49. Угьлянъ. 50. Кары. 51. Арябъ. 52. Илячи. 53. Джуляганъ. 54. Кишлыкъ. 55. Гедой. 56. Туркменъ. 57. Дурменъ. 58. Табынъ. 59. Тама. 60. Ринданъ. 61. Муминъ. 62. Юйшунъ. 63. Берой. 64. Хафизъ. 65. Кыргизъ. 66. Юйручи. 67. Джуйрятъ. 68. Бузачи. 69. Сихтіанъ. 70. Бяташъ. 71. Ягрыны. 72. Шульдуръ. 73. Тумай. 74. Тлеу. 75. Кыръ-даръ. 76. Киркынъ. 77. Угланъ. 78. Гурлятъ. 79. Игланъ. 80. Джиембай. 81. Чилькясъ. 82. Уйгуръ. 83. Агыръ. 84. Ябу. 85. Наргылъ. 86. Юзакъ. 87. Кахетъ. 88. Нагаръ. 89. Куджалыкъ. 90. Бузанъ. 91. Ширинъ. 92. Бяхринъ. 93. Тюмя. 94. Мугулъ. 95. Каяанъ. 96. Татаръ» (Қараңыз: Описаніе Бухарскаго ханства. Составленное Н. Ханыковымъ. Санкт-Петербургъ, въ типографіи Императорской Академіи Наукъ. 1843. Стр. 53-63). 
       «Маджму ат-таварих» атты еңбекте де «Алшын» өзбектің бір тайпасы боп таңбаланған (Қараңыз: Маджму ат-таварих. (Подготовки и изданию А.Т. Тагирджанов) Издательство Ленинградского университета, 1960).    
       Өзбек құрамындағы Алшындар Астраханды жаулап алған орыстардан қашқан Жошының он үшінші ұлы Тоқа Темірдің 1601-1756 жылдары билік құрған  ұрпақтарымен (аштарханидтермен) бірге келген деген пікірлер бар.  
       Біздіңше Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген Алшындардың әр хандыққа бөліну дәуірінің бір сәті Мұхаммед Шейбанидің кезеңіне тиесілі. Ол – Шыңғыс ханның немересі Шейбанның ұрпағы. 1451-1510 жылдары Өзбек хандарының феодалдық әулетінің негізін қалаушы... Жаңағы пікірімізді атақты ғалым В.Бартольдтың еңбектері (Шейбаниды, Улугбек и его время. Москва, 1964) қуаттайды. 
       Мұхаммед Шайбани атасы Әбілқайырдың күйреген мемлекетін қайта қалпына келтіруді көздейді. Сол үшін көшпелі руларды біріктіруге талпынады. Бірақ бақталас қауымдардың тегеурінді қарсылығына тап болған соң өзін қолдаған түркі тайпаларымен бірге оңтүстікке қарай ығысады. 15-ғасырдың аяқ шенінде әскери күш-қуатын күшейтіп алған ол Мәуераннаһрға, Хорезм мен Хорасанға, өзге де өңірлерге билік жүргізіп тұрған тимуридтерді жаулап алады... Мұхаммед Шайбанидың соңына ерген Алшындардың бір бөлігі қазіргі Өзбекстан жеріне осы кезде келіп орныққаны анық. Қысқа қайырғанда осылай. Бұл – алдағы кезде бөлек қаузалатын тақырып.   

                       4. «Алшын» –  өзге де түркі жұртын құраушы рудың бірі

       «Алшын» аталатын тайпа немесе ру тек қазақта ғана емес, бір кездері Алтын Орданың панасында болған өзге түркі жұрттарында да кездеседі.                     
       Шоң тарихшы В. Трепавлов «История Ногайской Орды» делінетін еңселі еңбегінде «Ногайские родо-племенные объединения» деген атаумен таблица жасап, оны бірнеше бағанаға бөлген, сонда ноғайлар құрамындағы тайпаларды тізіп көрсеткен. Солардың қатарында Алшынды да атайды.  XVI-XVII ғасырлардағы орыс құжаттарында «алчин», «алчинское р.» деп таңбаланған дейді. Сондай-ақ, XVI-XVII ғасырлардағы өзбекке қатысты деректерде де бұл тайпа «алчин» атауымен түзілген депті. (Қараңыз: Трепавлов В.В. История Ногайской Орды./ Отв. ред. М. А. Усманов. 2-е изд., испр. и доп. – Казань: Издательский дом «Казанская недвижимость», 2016. Стр. 486) 
       В. Трепавлов жаңағы зерттеуінде «Алчин-минг» делінетін тағы бір руды атайды. Ноғайлардың құрамындағы Минг тайпасынан бөлінеді екен. Орыс мәліметтерінде «алчинмынское р.» деп таңбаланған дейді (Қараңыз: Трепавлов В.В. История Ногайской Орды./ Отв. ред. М. А. Усманов. 2-е изд., испр. и доп. – Казань: Издательский дом «Казанская недвижимость», 2016. Стр. 491). 
       Алшын тайпасының бір бөлігі сонау заманда шеттеп, Қырым хандығына да кеткен. Бұған да куәлік беріп өтейік. 
       «Словари и энциклопедии на Академике» деп аталтын сайттағы дереккөздердің куәлік беруінше, Қырым түбегіндегі Сакский ауданы бағынышындағы Великое селосы бұрын «Алшын» аталған. Сондай-ақ, Джанкойский ауданына қарасты Муромка селосының ертеректегі атауы да «Алшын» болыпты. Енді мына мәліметті қаз-қалпында берейік, былай делінген: «Крыма, на территории Криничненского сельсовета. Располагалось на юге района, в горах Внутренней гряды Крымских гор, на правой стороне долины реки Сартана правого притока реки Танасу, примерно в 2 км восточнее современного села Головановка. Название села сохранилось в имени урочища Альчин (астын сыздық.-Б.К.)».
       Қырым татарларында, ноғайларда, өзбектерде, т.б. кездесетін «Алшын» тайпасымен түп-тамырымыз бір. Оны ешкім де жоққа шығара алмайды. Бірақ оларды қазақтардан бөлініп кеткен деу – мүлде қате пайым! Ескі заманда Дешті-Қыпшақ мемлекетінің қол астында бірге өмір сүрген, бірақ кейін тұтастығы бұзылып, жан-жаққа тарағанда шартты түрде бірінің «қазақ», бірінің «ноғай», енді бірінің «өзбек» аталып кеткен түркі руларының бірі – Алшын еді. Жоғарыда келтірілген деректер соны айғақтайды.
       Алшындар өз дәуіріндегі оқиғаларға, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір-бірінен бөлектеніп, барған жерлеріндегі бұрыннан тұрып жатқан қауыммен араласып, тіршілік кешті, олардың мінез-құлқы, салт-дәстүрі, тілдік диалектісі сол ортаға бейімделді, бастарынан өткерген өз тарихы қалыптасты. 
       Олай болса, «Алшын дегеніміз – Кіші жүз, өзбектер руға бөлінбейді, сондықтан оларға еш қатысы жоқ» деп өзеурей берудің тіпті жөні жоқ.
             
               5. Архивтік құжаттарда Ялантуш (Жалаңтөс) – Сейітқұлдың емес, Бойходжаның баласы!   

        Дагбидке барып, Ялантуштің (Жалаңтөстің) қабірін зерттеген Н. Веселевский былай деп баяндайды: «Находясь въ Самарканде въ 1885 году, я не преминулъ осмотреть гробницу Махдуми-аазема и отправился въ Дагбидъ 19 августа въ сопровожденіи одного молодаго ученаго самаркандца, мирзы Акыла... Изъ осмотре нныхъ мною плитъ на террассе одна имеетъ дату 1052 (1642) года. Все хъ же ихъ насчиталъ я 7. Внизу, вокругъ дахмы, расположено не сколько надгробій, но находятся ли они надъ действительными могилами, утверждать не могу, такъ какъ не которыя плиты просто приставлены къ террасе. Прямо противъ входа находится плита съ именемъ Елантушъ-бія, умершаго въ 1066 (=1655, 6) году. Направо надгробіе дочери его, скончавшейся въ 1068 (1657, 8) году. (астын сыздық.-Б.К.) У задняго праваго угла – плита имама Каляна...» (Қараңыз: Записки восточного отделенія императорскаго русскаго археологическаго общества. Издаваемыя под редакціею управляющаго отделеніемъ Барона В.В. Розена. Том третій. 1888. С-Петербургъ. Типографія императорской Академіи наук. 1889. Стр. 89).          
       Н. Веселевский қабірдегі жазуды былайша аударып, жариялаған: «Эта лучезарная могила прощеннаго хазретъ Елантушъ-бія, скончавшагося въ 1066 (= 1655, 6) году».
       Ялантуштің (Жалаңтөстің) жанына жерленген қызына қойылған белгі тастағы дерек мынадай: «Эта лучезарная могила благоуханной Иклимы, скончавшейся въ 1068 (= 1657, 8) году».
       «Жалаңтөс (Ялантуш) қожаларға жақын болуы үшін «Абдукарим» деген есімді қабылдады» деген сөздің жалғандығын қабірдегі тасқа «Елантушъ-бія» деп арап әріптерімен таңбаланған  жазу да толық әшкерелеп тұр. Бұл пікірімізді басқа да архивтік құжаттар бұлтартпай дәлелдей түседі... 
        Айтқандай Т. Омарбековтың «Даһбет» қорымында Сейтқұлдың аты Байқожа болып жазылып кетсе керек» дегені де дәлелсіз, ондай жазу тіпті жоқ.  
       Жақсы, сөзімізді Ялантуштің (Жалаңтөстің) руы – өзбектің Алшыны, шын әкесі – Сейітқұл емес, Байходжа екенін нақтылауға бұрайық.
       Архивте сақталған бағзы замандағы жерге иелік қағазында таңбаланған мәтіннің аудармасын толық берейік, бүй деп жазылған: «1606 г. февраля 12. Купчая (васиқа) Ялангтуш бия, сын Бой ходжа бия (астын сыздық.-Б.К.), на приобретение у Ой беким, дочери ходжа Хошима Ахрори, обеленного имения в местности Яримтуғ самаркандского тумона Офарикент, за 4300 танга» (Қараңыз: «Документы к истории аграрных отношений в Бухарском ханстве. Выпуск I. Акты феодальной собственности на землю XVII – XIX вв. Подбор документов, перевод, введение и примечения О.Д. Чехович. Под редакцией А.К. Арендса. Издательство Академии наук УзССР. Ташкент, 1954. Стр. 3.).  
       Осы құжатқа түзілген мәтінді одан әрі келтірейік, онда былай делінген: «На (основании) упомянутой доверенности я продал продажей окончателной, нерушимой, вошедшей в силу и законной его высокородию средоточию эмирского достоинства, убежищу великодушных деяний, высокому ордию  (власти)  эмиру Ялангтуш баходуру олчину, сыну его высокородия великого эмира, высокочтимого эмира Бой ходжи бия, (астын сыздық.-Б.К.) целиком и полностью земли обеленного имения пригодные для земледелия и удобные для посева, (принадлежащие) этой моей упомянутой доверительнице, расположенные в местности Яримтуғ тумона Офарикент, в округ богоспасаемого города Самарканда (и) ограниенные четырьямя определенными рубежами, которые с запад примыкают частю к запретной полосе арыка Девона, частью к изестному (холму)  Қаро-теппа; с севера они примыкают частью к (озеру) Кул Шайдор, частью к Тоши Марзак и частью к земле Қаро-теппа; с востока примыкают частью к Тоши Узбекшли, частью к упомянутому Тоши Қора-теппа, частью к земле имения Худойқула мухродора, сын Абдулло,частью к земле Кат и частью к запретной полосе определенного арыка; с юга примыкает частью к земле упомянутого Қаро-теппа, частью к определенному холму, к запретной полосе арыка Осье и Оби Чавоз частью к земле (составляющей) имение его высокородия отпрыска шейхов Абулфайз шейха, сына высокородия Чабрайл шейха; расстояния на всех рубежах обозначены ясными (погранчиными) знаками» (Қараңыз: «Документы к истории аграрных отношений в Бухарском ханстве. Выпуск I. Акты феодальной собственности на землю XVII – XIX вв. Подбор документов, перевод, введение и примечения О.Д. Чехович. Под редакцией А.К. Арендса. Издательство Академии наук УзССР. Ташкент, 1954. Стр. 6-7.). 
       Осы тұста мынадай сұрақ туады: 1606 жылы ақпанның 12-сінде, бұдан төрт ғасыр бұрын таңбаланған жерге иелік актісінде баһадүрді Алшын (Олчин) руынан екенін айта отырып, оның қожаларға жақын болу үшін өзгертті дейтін шығыстық «Абдукарим» есімімен емес, бұрынғы «жасырып» мансұқтаған Ялантуш (Жалаңтөс) деген атымен атауы қалай?! Ал әкесін Бойходжа (Байқожа) деп көрсеткен. Сейітқұл демеген. Мұның құпия-шындығын бұлтартпай ашып беретін нақты дәлел бар ма әжем айтты, атам айттыға сүйенбей?
       Бұдан басқа да құжаттарда есімінің Абдукарим емес, Ялантуш (Жалаңтөс), руының өзбектің алшыны (олчин), әкесінің Бойходжа екені тайға таңба басқандай жазылған. Оның бәрін тізіп отыруды жөн көрмедік, бірақ қажет деп тапса оларды да таныстырып, айғақтай аламыз.
       Сонымен кейінгі айтылып жүрген әңгімелер мен Тилля-Кори, Шир-дор медреселері, Бұқар хандығына байланысты сақталған архивтік тарихи деректерді салыстырып тексергенде мына жайт айқындалып отыр: өзбектің Алшынынан (Олчин) шыққан Самарқан әміршісі Ялантушті «қазақ» деген түсініктің орын алуына 1928 жылы Ташкент шаһарынан жарық көрген, «Год работы казахского высшего педагогического института» деген жинаққа енгізілген Халел Досмұхамедұлының «Родословная Жалантус» батыра (Ялантуш-Баһадура) строителя медресе Тилля-кари и Ширдар  гор. Самарканде» атты мақаласындағы жаңсақ пайым басты себеп болған (Қараңыз: Досмұхамедұлы Х. Аламан (Құрастырушылар, алғы сөзін және түсініктемелерін жазғандар – Ғарифолла Әнесов, Аманқос Мектепов, Шәмшәдин Керімов) – Алматы: Ана тілі, 1991. 42, 173 беттер).

                                                           6. Сөз түйіні
       Пікірімізге архивтік нақты дәлелдерді тірек қылдық. Сол арқылы көзіміз жеткен, шүбә тудырып тұрған қисынсыз жайттарды ортаға салдық. Білеміз, парасаттылық танытып, бұл ақиқатты қабылдау – өте ауыр. Өйткені, ел арасында тараған алып-қашпа аңыз-әңгімелер, құр долбарлар негіз етіліп, кітаптар шығарылды. Әріге бойламаса да берідегі Бұқар хандығының, Тилля-Кори, Шир-дор медреселерінің тарихына терең зер салу керек-тін. Өйтпепті. Әрекеттер әрі қарай жалғасты. Ескерткіштер орнатылды. Ас берілді. Осындай насихатпен «Самарқан әмірі Жалаңтөс – қазақ, Кіші жүздегі Алшын, оның Төртқара-Сейітқұлынан тараған» деген ұғымды санада орнықтырғысы келеді. Ал айдан анық ақиқаты – басқаша! Бұған баршамыз куә болдық.        
       Өзбек ағайындар Ялантушті (Жалаңтөсті) жеріне жеткізе зерттеді. Өз тарихтарына берік орнықтырды. Жуырда фильм түсірді. Мұнан кейін де әмір бабасын ардақтап, құрметтерін көрсете береді. Тоқтату мүмкін емес. Даурықпайды. Ешкіммен таласпайды. Бағыттарына бек сенімді. Өйткені шындық солар жақта. Мұны өте жақсы біледі. 
       Ал қайткенде де бабасын, атасын не руласын би, батыр, жырау, сері, тым болмағанда бақсы қылып шығаруды, соған ескерткіш орнатуды, жамап-жасқап «кітап» жазуды, ас беруді ойлап, сол берекесіз істің соңында мән-мағынасыз салпақтап жүрген қазақтың тірлігіне өз ағам – өзбек әжуәмен қарап, миығынан күліп қоятыны анық!  


                                                                                                                 Бөрібай КӘРТЕН, 
                                                                                                                    Ақтөбе қаласы.

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...