Италиялық журналистер Семей қаласында деректі фильм түсіріп жатыр. Италиялық журналистер Пьерпа...
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі өзінің қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтты
Бейнежазбадан
Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының бірқатар сұрағына жауап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ол балалары әкесінің адам өлтірді деген күдікке ілінгенін білетінін айтты.
"Мен ажырасу кезінде де, қазір де балалармен мүмкіндігінше адал болдым. Бұл оларға еркіндік береді. Олар анасы немесе әкесін құтқаруға тырыспайды, өтірікке қызмет етпейді, өздеріне алаңдаушылық туғызбайды және өздерін кінәламайды. Маған осындай адам олардың әкесі болғандықтан, оларға күш беріп, мейірімді, тәуелсіз болып өсуі үшін берілгенін білдіреді деген сөз көп көмектесті, өйткені былтыр жазда балалар өздері әкесімен қарым-қатынасты азайта бастады және бұл олардың таңдауы болды", - деді Назым Қаһарман.
Сондай-ақ ол өзінің қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтты.
"Мен өзім де алаңдаймын, қорқамын. Дегенмен мен өзімді де, балаларымды да ешкімге ренжітуге жол бермейтінімді білемін. Мен мұндай ашықтық үлкен қорғаныс екенін түсіндім", - деді ол.