Еркебұлан Тоқтар қарсыласын нокаутпен жеңді

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1888

Қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (10-3) аралас жекпе-жектен өткен Octagon 77 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

Еркебұлан Тоқтар аралық салмақта ирандық спортшы Фарзад Гадеримен (18-15) кездесті. Үш раундқа жоспарланған айқас екінші раундта аяқталды: қазақстандық спортшы қарсыласын соңғы секундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Еркебұлан Тоқтар өзінің кәсіби мансабындағы 11-жеңісіне қол жеткізді. Ал ирандық файтер Гадери 16-шы рет жеңіліс тапты.

Еркебұлан Тоқтар BMF белбеуінің иегері және қазіргі таңда қатарынан алты жеңіс сериясын жалғастырып келеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...