Алдымен мәртебелі қонақ «Астана Опера» театрында П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин...
13 млн теңгенің домбырасы Алматыда «қурап кеткен» 23 млн-ды еске салды
Фото: SN.KZ коллажы
Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауылының түлектері сыйға тартқан «Домбыра» монументінің орнатылу барысы тарады. Бұл туралы uralskweek.kz сайтына сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында соңғы қоңырау мерекесіне мектеп түлектері туған ауылдарына ерекше тарту жасады. Жалпақтал ауылында 1986-1987 жылы туған 20 жылдық мектеп түлектері «Домбыра» монументін сыйға тартқан. Құны 13 миллион тұрады екен. Қандай керемет, – деп жазылған.
Депутат Дәулет Мұқаев 13 миллионға ауылына есте қалар сый тартқан түлектердің ісін қолдап, кезінде Алматыда «қурап кеткен» 23 млн-ды еске алды.
Кезінде Алматыдағы Атакенттегі тиінге 23 миллион кетіп еді. Шөбі қурады да қалды. Ал мына домбыра ерекше екен. Ауыл түлектері жарайсыздар. Сараң байлар емес, жомарт байлар көп болсын!!! – деп пікір қалдырды депутат.
Жылда мектеп түлектерінің бас қосып, ауылын көркейтуге атсалысу Жалпақтал ауылының тұрғындары үшін үрдіске айналғанға ұқсайды. Бұл туралы бейненің астындағы пікірлерден пайымдауға болады.
Бұл 2004 жылы бітірген биылғы 20жылдық мектеп түлектерінің елге сыйы, және бұл бірінші сый емес, жыл сайын 20,30,40 жылдық мектеп түлектері сый жасайды осылай, бұл бізде үрдіске айналды, дейді бір оқырман.
Ал келесі бір оқырман ауылдың аудан деген бұрынғы статусын қайтару үшін Үкіметтен көмек болса деген өтініш-тілегін жазды.
Бұрынғы аудан статусын қайтару бұл өңір тұрғындарының басты арманы. “Аудан болсақ, Үкіметке салмақ түсірмей осылай көркейе береміз” деп тұрған Жалпақталды қолдап жіберсе ғой Жаңа Қазақстан!
Жалпақтал республика бойынша “Ең мейірімді ауыл” номинациясын жеңіп алған. Халқы ұйымшыл. Бұдан да басқа түлектер сыйлаған нысандар көп. Көркейе бер, Жалпақтал! Жалпақталдан үлгі алып жатқан, айналасында ауылдар да бар…, – делінген пікірде.