Президент елге жанашыр азаматтарды марапаттады

Фотосурет akorda.kz алынды

Жаңалықтар
589

Мемлекет басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан ел азаматтарын марапаттады. Президент арнайы сөз сөйлеп, өзінің шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі www.akorda.kz сілтеме жасап.

Президент бұл бұрын ешқашан болмаған ең жойқын табиғи апат екенін атап өтті. Еліміздің 10 аймағында төтенше жағдай жарияланды. Жалпы, ел көлемінде 19 мыңнан астам тұрғын үйді су басты.

"Расында, өте ауыр сынақтан өттік. Дегенмен әр нәрсенің қайыры бар. Сын сағатта еліміз ырысты ынтымағын танытты. Біз табиғи апат кезінде жұрт болып жұмылдық. Біртұтас ел екенімізді көрсеттік. Құтқарушылар, әскерилер, ішкі істер органдары мен әкімдік қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеді. Олар Отан алдындағы парызын мінсіз атқарды. Бір сөзбен, антқа адал болды", – деді Мемлекет басшысы.

Топан сумен күреске күштік құрылымдардың 63 мыңнан астам қызметкері атсалысты.  120 мыңнан астам адам, оның ішінде 40 мың бала қауіпсіз жерге көшірілді.

"Сіздер су тасқыны кезінде қиындыққа ұшыраған жұртпен бірге болдыңыздар. Күн-түн демей еңбек еттіңіздер. Бұл – нағыз ерлік. Мен апат салдарын жоюға атсалысқан әр азаматқа зор ризашылығымды білдіремін. Біз бір ел, бір халық болып берекелі бірлігіміздің арқасында күрделі сынақтан аман-есен өттік. Еңселі ел екенімізді көрсеттік. Бүлінген инфрақұрылымды, дүние-мүлікті қалпына келтіру жұмысын қолға алдық. Апаттан зардап шеккен азаматтарға нақты көмек бердік, бұл жұмыс әлі де жалғасуда", – деді Президент.

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...