Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл, Түркістан облыстарында республикалық автожолдарда көлік қ...
Бүгін ауа райы қандай болады?
29 ақпан күні Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды madeniportal.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман;
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман;
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтілуде.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысының батысында тұман.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман.
Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 25 метрге жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні – 23 м/с.