Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

Сурет: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1386

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады   MADENIPORTAL.KZ.

Құттықтау Ақорданың ресми сайтында жариялады.

«Қадірлі отандастар! Ораза айт мейрамы құтты болсын!

Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша.

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі.

Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады. Осы қасиеттеріміз барда халқымыздың Әділетті, Қауіпсіз, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімдімін.

Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!

Айт қабыл болсын, ағайын!», - деді Президент.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда полиция мен көші-қон қызметінің қызметкерлері үш күн бойы шетелдіктердің тұратын және жұмыс...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында тағы да жантүршігерлік қылмыс болды. Бұл жолы Сайрам ауданының тұрғындары бір-...