Үш рет аукционға қойылған зәулім үйді Оқу-ағарту министрлігінің балансына беру туралы шешім қабылдан...
Грант иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланады
Фото: Pixabay
2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Министрдің айтуынша, грант конкурсының қорытындысы Ғылым және жоғары білім министрлігінің және ведомство басшысының ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
"Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындылары 2026 жылғы 7 тамызда сағат 15:00-де негізгі әрі ресми ақпарат көздерінде жарияланады", – деп жазды Саясат Нұрбек Telegram арнасында.
Министр талапкерлерге сәттілік тілеп, олардың еңбегі ақталып, армандаған мамандығы бойынша студент атануына тілектестігін білдірді.
Биыл мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам өтінім қабылданған.
Алдын ала мәлімет бойынша, аударма ісі, халықаралық қатынастар, құқық, психология және педагогикалық бағыттар бойынша бір гранттық орынға бәсекелестік жоғары болады.
Грант иегерлерінің тізімін талапкерлер 7 тамызда сағат 15:00-ден бастап министрліктің ресми сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан көре алады.