Президент Маңғыстау өңірінде білім сапасы төмен екенін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. &la...
Оқушыларға жаңа ақшалай сыйақы тағайындалады
Фото: Ақорда
Қазақстандық оқушылар енді халықаралық олимпиадалардағы жетістігі үшін ғана емес, ғылыми жобалар байқауларында жеңіске жеткені үшін де ақшалай сыйақы алады. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық Тамыз конференциясында айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Мемлекет басшысының сөзінше, дарынды балаларды ынталандыру тетігі осы оқу жылынан бастап кеңейтіледі.
“Жаңа цифрлық дәуір жағдайында адами капитал дамудың ең маңызды факторына айналып отыр. Бұл – Қазақстанның мықты тұсы. Біздің балаларымыз талантты әрі әлемдік деңгейде жоғары бәсекеге қабілетті екенін көрсетіп жүр”, – деді Президент.
Тоқаев жуырда халықаралық пәндік олимпиадаларда жеңіске жеткен бір топ оқушыны Ақордада қабылдап, марапаттағанын да еске салды.
“Осы оқу жылында дарынды балаларды ынталандыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырдым. Ақшалай сыйақы енді олимпиададағы жетістік үшін ғана емес, ғылыми жобалар байқауындағы жеңіс үшін де төленеді”, – деді Мемлекет басшысы.
Президент сондай-ақ білім, жаңа технологиялар мен экономиканың өзара байланысына тоқталды. Оның айтуынша, жастардың интеллектуалдық әлеуеті мен озық технологиялардың тоғысуы қазірдің өзінде экономикалық нәтиже беріп, жаңа стартаптар мен алғашқы “бірмүйізді”компаниялардың пайда болуына жол ашып отыр.