Отандық танымал актер Нұртас Адамбайдың үстінен іс қозғалды

Фото әлеуметтік желіден алынды

Кино
1331

Адамбайға әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 490-бабы 1-бөлігінің 4-тармағын бұзғаны үшін айып тағылады. Сөз Қазақстанның заңнамасында белгіленген ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, ғимараттарды (ғимараттарды) ғибадат үйлеріне (ғимараттарына) қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын талаптарды бұзу туралы болып отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz nege.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Бұдан басқа, Сот кабинетінде жарияланған материалда осы баптың 1-бөлігінің 3-тармағы көрсетіледі: діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, дайындауға, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға қойылатын талаптарды бұзу.

Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін айыппұл қарастырылған: жеке тұлғаларға — 50 АЕК (2024 жылы 184 600 теңге), заңды тұлғаларға – 200 АЕК (2024 жылы 738 400 теңге) мөлшерінде, қызметі үш ай мерзімге тоқтатылады.

Істі қарау 1 тамызда WhatsApp мессенджері арқылы арқылы өтпек.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы тауларында жоғалып кеткен 18 жастағы Нұрислам Ақылбектің денесі табылды, деп хабарлайды MADEN...

ЖАҢАЛЫҚТАР

6 шілде – Астана күнінде мерекелік кеште ән айтқан Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова...