Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөнінде...
Талғарда нан сатып жүрген адам жанжалдан көз жұмды
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
82
Алматы облысының Талғар ауданындағы Ақтас ауылында ер адамдар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, тандыр нан сатып жүрген ер адам мен күдікті арасында сөзге келіспеушілік туындаған. Жанжал барысында күдікті жәбірленушіге екі рет пышақ сұғып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Ауыр жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Полиция 56 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол өз кінәсін мойындаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.