Прокаттан алынып тасталды: «Руың кім?» фильміне қатысты дау неден туды

Фото: әлеуметтік желіден

КИНО
1365

Прокатта болған бір аптада 208 миллион теңге кассалық табыс жинаған «Руың кім?» комедиясының кенеттен прокаттан алынуы көрермендерді бей-жәй қалдырмады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Tiger Films продюсерлік орталығы фильмнің 18 желтоқсаннан бастап еліміздегі барлық кинотеатрларда көрсетілуі тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеді. Алайда нақты себептер ашық айтылмады.

Нақтырақ, продюсерлік орталықтың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәлімдемеде фильмнің 18 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілуі тоқтатылғаны туралы былай жазылған: 

Құрметті көрермен! “Руың кім?” фильмі белгілі бір себептерге байланысты прокаттан алынды. Бізді қолдап, фильмді көрген барша көрерменге алғыс білдіреміз, – делінген компанияның ресми хабарламасында.

Фильм прокатқа шыққан алғашқы аптаның өзінде жоғары кассалық табыс жинап үлгерген. Дегенмен, фильмге арқау болған "ру" тақырыбы қоғамда қызу пікірталас тудырып, сынға ұшырады.