Ertis Cinema халықаралық фестивалі 11 шілдеде ашылады

КИНО
1025


СССР халық әртісі, аса көрнекті режиссер Шәкен Аймановтың туған жерінде Ertis Cinema халықаралық кинофестивалі шымылдығын ашады. Бұл форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілмекші. Кинофестивальдің басты атрибутын жасауды кәсіби мүсінші Мирхат Сүйіндіков қолға алған. Статуэтка жас режиссерлермен қатар, майталман шеберлердің де еңбегін бағалайтын марапат болмақшы. Ол алюминийден құйылды. Бұл металл Павлодар өңірінің бренді саналады.   

Мирхат Сүйіндіков: - Алюминийді пайдалану себебіміз: бір жағы бұл металды құю жеңілірек, екіншіден оның осы жерден өндірілетіні мақтаныш. 

Фестивальға 200-ден астам өтініш түсті. Классикалық кинодан бастап,   андеграундқа дейінгі  неше түрлі жанрды қамтыған еңбектер қабылданды. 

Людмила Баюшева, кинотанушы: - Мені кинотанушы ретінде қызықтыратыны, жас режиссерлардың әлеуметтік проблемаларға немқұрайлы қарамауы.  Әлемдік деңгейдегі уақиғаларға және әр адамның тағдырына деген олардың жан тебіреністері. Соғыс туралы фильмдер көп. 

Фестиваль 11 шілде күні ашылады. Таңдаулы киноленталар қала кинотеатрларында көремермен назарына ұсынылады. 

www.24.kz

author

Шәкен Айманов

АКТЕР

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...