Кино мен ой тоғысқан онжылдық: Алматыдағы «Байқоңыр» мерейтойлық фестивалі

Фото: Төлеуханова Ділнәз

КИНО
398

Биыл қыркүйек айының 20-26 аралығында Алматыда қазақ және әлем киносы үшін айтулы апталық өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

«Байқоңыр кинофестивалі өзінің 10 жылдық мерейтойын ерекше ауқымда атап өтіп, кино әлеміндегі жаңа есімдер мен тың идеяларға жол ашты. Мерейтой аясында 4-ші Алматы халықаралық кинотанушылар мен киносыншылар форумы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, алғаш рет «Almaty Series Festival» атты сериалдар фестивалі өткізілді. Бұл – Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы кино кеңістігінің тың бағыттарға бет бұрғанының айқын белгісі.


Фестиваль аясында өткен кинотанушылар мен киносыншылардың халықаралық форумы – ғылыми ой мен мәдени пікірталастың алаңына айналды. Форум шеңберінде бірқатар маңызды лекциялар мен презентациялар ұсынылды:

Сергей Анашкин– «Сібірдің этникалық киносы», Сардана Саввина– «Саха киносының тарихы мен заманауи тенденциясы», Аида Машурова– «Қазақстан мен Орталық Азияның көркем фильмдеріндегі әйел бейнелері», Султан Усувалиев– «Кодтаудың шеберлері немесе қырғыз киносына тән бір үрдіс туралы», Гульбара Толомушова және Султан Усувалиев– «Қырғызстанның жаңа киносы», Андрей Апостолов– «Адам және тарих. Кеңестік және ресейлік кинодағы қаһарман мен ұлы тарих арасындағы қатынастың эволюциясы», Евгений Майзель– «Әйелдер және кино теориясы: қозғалыс, тән, сенсориум», Елена Русинова– «Кинодағы тыныш сахналардың эстетикасы» Андрей Чупринский– «Экран өнерінің экологиясы», Лилия Немченко «Кинематографиядағы шындықты жеткізу режімдері: деректі фильмнен анимадоққа дейін».


Форум шеңберіндегі маңызды талқылаулардың бірі – «Арман арқалаған әйелдер, жан дүниесі бар фильмдер» атты панелдік сессия болды. Бұл отырысқа Гульнара Әбикеева, Гульбара Толомушова, Лела Очиаури, Мариам Оганян, Сардана Саввина, Инна Смаилова, Георгий Размадзе, Молдияр Ергебеков сынды беделді кинотанушылар қатысты.

Сондай-ақ, деректі фильмдерге арналған «Шындықты арқалаған әйелдер, жадысы бар фильмдер» тақырыбындағы панельдік сессия Бану Рамазанова, Айдос Сейтжан, Айгюн Асланова, Катерина Суворова, Жазгүл Ибраимова, Фариза Танай, Молдияр Ергебеков қатысуымен өтті.

«Product placement» тақырыбындағы сессия да ерекше қызығушылық тудырды. Ануар Кенжебаевтың модераторлығымен өткен талқылауға Мария Мун, Виталий Савков, Қуат Садыков, Кирилл Чорней, Гаухар Керимова қатысты.

Биылғы «Байқоңырға» 753 қысқаметражды фильм ұсынылған. Оның 112-сі халықаралық болса, 171-і ұлттық фильмдер. Байқау барысында жас режиссерлер мен кино мамандарының үздік жұмыстары анықталды.

Ұлттық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы нәтижесі:

Үздік фильм– «Helios», реж.Батырхан Жүсіпов

Үздік режиссура– «Сохраняя анонимность», реж.Луиза Зарипова

Үздік операторлық жұмыс– «Есімде», оператор Лиханов Елеазар

Үздік сценарий– «Қаран», реж.Асқар Ермахан

Үздік суретші-қоюшының жұмысы– «Рок Беркут», реж.Арайлым Аббасовна

Үздік монтаж– «Уроки жизни», реж.Нұрланқызы Ақмарал

Қазылар алқасының ерекше назарына іліккен фильм– «Tawekel», реж.Амир Сәлімжан.

Халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы жеңімпаздары:

Үздік фильм– «Робинзон», реж.Марианна Мовсесян (Армения)

Үздік режиссер– «Золотая рыбка», реж. Айжамал Мирбекқызы (Қырғызстан)

Үздік сценарий– «Зуб даю», авторлары Ксения Остальская мен Сергей Аннеков (Ресей)

Үздік операторлық жұмыс– «Обрыв», оператор Алина Чеботарева (Өзбекстан, Ресей)

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі «Словно тебя нет», реж.Азер Гулиев (Әзірбайжан).

Көркем және дебютті толықметражды фильмдер байқауы да биылғы шараның маңызды бөлігі болды.

Үздік фильм– «Подари мне цветы» реж. Василий Слепцов

Қазылар алқасының жүлдесі– «Венеция», реж.Русудан Чкония

Қазылар алқасының жүлдесі– «Песня Сусхотин», реж.Хуснора Розматова

Алғаш рет өткізілген Almaty Series Festival-заманауи сериал мәдениетінің дамуына бағытталған ерекше жоба болды. Фестиваль шеңберінде Әділхан Ержановтың «Казахские страшные сказки» сериалының тұсаукесері өтті.

Ұлттық пилоттық эпизодтар байқауы нәтижесі:

Көрермен көзайымы– «Молда», авторы Ернұр Абжапбар

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі– «Рок беркут», авторы Тамерлан Алманов

Үздік пилоттық эпизод– «Коба», авторы Дәулет Ислямов.

Орталық Азиялық сериалдар байқауы:

Көрермен көзайымы– «Ташкент 94», авторы Музаффар Карабаев (Өзбекстан)

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі– «Мұз үстіндегі гүл», авторы Нургазы Саралаев (Қырғызстан)

Үздік пилоттық эпизод– «Қара бекіре», авторы Берік Жаханов (Қазақстан)

Алматыда өткен осы бір кино апталығы – тек экраннан көрінетін өнердің ғана емес, терең ой мен қоғаммен байланысқан мәдениеттің көрінісі болды.

Кино – уақыттың үнсіз шежіресі. Ал «Байқоңыр» фестивалі – сол үнсіздікті сөйлеткен, жас өнерпаздарға жол ашқан, ой мен образ тоғысқан маңызды алаң. 10 жыл ішінде бұл фестиваль отандық және халықаралық кино қауымдастығы үшін кәсіби пікірталас, мәдени байланыс пен шығармашылық серпіліс алаңына айналды.

Биылғы мерейтойлық шаралардың ауқымы мен мазмұны – қазақ киносының өсіп, өзгеріп, жаңарып келе жатқанын көрсетті. Форумда көтерілген терең тақырыптар, кинотанушылар мен режиссерлер арасындағы ашық пікір алмасулар, жаңа сериалдық бағыттардың қалыптасуы – мұның бәрі еліміздің кинематография саласына тың серпін бергені анық.

 

Төлеуханова Ділнәз

Киносыншы 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...