Қиянаттың үлкені – өнерге жасалған қиянат. Қасіреттің үлкені - рухы жасыған әлеумет. Өнер қиян...
Махаббат жайлы фильмдер
Сізге ең таныс, ең жылы, ең бөтен тақырып жайлы шаң басқан сөрелерден кітаптар да табыла кетеді, ескі касеталар арасынан бұл тақырып төңірегінде әндер де, фильмдер де көп ұшырасады. Анамыз да, досымыз да, көршіміз де бұл тақырыптағы сырларымен бір сәт болсын бізбен бөлісті. Біз бұл тақырып туралы өте көп ойлаған секілдіміз. Кейде мүлде ойланбағандаймыз, ойланудан қорқатындай көрінеміз кейде. «Тозақтың жеті қат түбіне» түскен ақын да оны іздеді. Себебі, ол – мәңгі өлмес Махаббат! Махаббат, қасірет, нәзіктік, сұлулық, қорқыныш құдды бір синонимдер тізбегіндей көрінеді бұл сөздер. Біз ұсынатын фильмдер де – бір-біріне синоним фильмдер. Өз әлеміңізде қош көрдік!
Жад күнделігі/ Дневник памяти/ The Notebook
Қарттар үйіндегі әйелдің ескі дәптерінен қарт ер кісінің оқыған әсерлі махаббат хикаясы тек экранда ғана өмір сүрмейді. Ол біздің өмірімізге еніп, ерекше дәм сыйлайды, ұйқыға жол бермейді, есте сақтау қабілетімізді бұзады, енді сіз басты кейіпкерлер сияқты із-түзсіз ғашық бола бастайсыз.
Махаббат/ Любовь/ Amour
Джордж пен Анна 80-нен асқан. Олардың некелері тамаша үйлесімді болды. Бірақ кенеттен Анна қатты ауырып қалады – ол есте сақтау қабілетін жоғалта бастады, содан кейін толық сал ауруына шалдықты. Бірақ фильм кейіпкерлерінің арасындағы махаббат ешбір жағдайда сөнбеді. Ол оны жақсы көреді, оның азабын да сүйеді ол, ал ол да оны жақсы көреді және онымен азаптанғысы келеді. Және олар бірге еңсермейтін ешбір кедергі жоқ, өйткені оларда жер бетіндегі ең үлкен күш – шынайы махаббаттың күші бар.
50 алғашқы сүйіс/ 50 первых поцелуев/ 50 First Dates
Генри Рот сүйкімді Люсиге ғашық болып қалады. Кішкене ғана кедергілерге қарамастан, қызды көрген күні кешкі уақытта жас, табанды Ромео сұлу қыздың да көңілін табады. Жастар бақытты және махаббаттары мәңгілік болатынына сенімді. Әттең, жол апатының салдарына байланысты қыздың есіне бір күн бұрын болған оқиғаның ешбірі түспейтіні ғана кедергі. Бірақ Генри бұл үшін күн сайын Люсиді өзіне ғашық етуі керек болса да, сүйіктісінен бас тартқысы келмейді.
Ұлы Гэтсби/ Великий Гэтсби/ The Great Gatsby
20-шы жылдардағы Нью-Йорктің жарқын түстері, салтанатты кештердегі сәнқой адамдар, барлық жерде қайнаптұрған құмарлық – мұның бәрі жүректің соғуын тездетеді және әрбір эпизодты, әрбір кейіпкерді, әрбір сөзді сезіндіреді. Достық пен немқұрайлылық, өшпенділік пен алшақтық, махаббат пен сатқындық. Бұл жұптарды үздіксіз жалғастыруға болады. Сеніңіз. Ғашық Гэтсбиге сіз де ғашық боласыз.
Көл жағасындағы үй/ Дом у озера/ The Lake House
Арасын алшақтық бөлген екі адамның махаббаты туралы фильм. Бірақ бұл алшақтық километрмен емес, қалалармен емес, уақытпен есептеледі. Оқиға әсілінде, өте қарапайым, тіптен қарапайым. Сондықтан «Көл жағасындағы үй» фильмі өте қарапайым фильм, тек ғашық болғыңыз келсе осы қарапайым фильмді қоржыныңызға салып алыңыз.
Танысыңыз, Джо Блэк/ Знакомьтесь, Джо Блэк/ Meet Joe Black
Энтони Хопкинс пен Брэд Питт – тамаша фильм үшін тағы не қажет? Бірақ мұнда тағы бір нәрсе бар – жақсылық пен жамандық, тектілік пен арсыздық, қорқыныш пен батылдық, махаббат пен өлім тоғысқан ғалам. Әкесінің өліміне ғашық болған...
Мені өз есіміңмен аташы/ Назови меня своим именем
Оқиға 1983 жылы орын алады. 17 жастағы Элио жазғы демалысын шуақты Италияда өткізеді. Ол кітап оқиды, музыка шығарады, сүйіктісімен сырласады және жай ғана жаздың қалай өтіп бара жатқанын бақылайды. Бірақ оның алаңсыз демалысы әкесінің 24 жастағы көмекшісі Оливер пайда болған кезде аяқталады. Элионың алғашы махаббаты оны қалай құбылтқанын көріңіз. Мұны махаббат демеске хақыңыз бар ма?!