Қазақстанда қарашаның алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

АЙМАҚТАР
136

Қазгидромет қараша айының алғашқы аптасына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде салыстырмалы түрде жылы, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда кей өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, қарашаның алғашқы аптасында еліміздің көп бөлігінде күн ала бұлтты, ауа райы жылы болады. Тек солтүстік-шығыс және шығыс өңірлерде айдың басында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Елдің батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы +12…+22 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Ал солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде күндіз +5…+13 градус жылы болады. Түнде ауа температурасы кей жерлерде -8 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Синоптиктер қараша айының алғашқы онкүндігінің ортасына қарай батыс өңірлерге Қара теңіз жақтан циклон келетінін ескертеді. Оның әсерінен жаңбыр жауып, кейін қарға ұласуы мүмкін.

Айдың алғашқы онкүндігінің соңына қарай жауын-шашынды әрі желді ауа райы Қазақстанның өзге өңірлеріне де таралады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 15–28 метрге дейін күшеюі ықтимал.

Қазгидрометтің ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, қараша айы еліміздің басым бөлігінде климаттық нормадан 1–2 градусқа жылы болады деп күтіледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. 31 қазанда «Іле-...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасының хирургына жасалған шабуы...