Мұхамеджан Тазабек қызының ұзатуында оның ұстазына қажылыққа жолдама сыйлады

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2077

Әлеуметтік желілерде айтыскер ақын, діни насихатшы Мұхамеджан Тазабектің қызының ұзату тойындағы қызықты кадрлар таралып жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Тойға барған танымал тұлғалардан бөлек блогерлер де тойдың жоғары деңгейде өткен көрсетіп, әдемі видеолармен жарыса бөлісуде.  

 

"Тойға қатысқан блогер Өркен Кенжебек өз парақшасында: "Мұхамеджан Тазабек ағамыздың қыз ұзату тойы – тойлардың "потологы" болды", - деп жазды.

Тойдан кейін Тазабектің өзі Instagram желісіндегі парақшасына бірнеше reels-видео жариялап, қызының ұзату сәттерін бөлісті. Видеолардан ұлттық дәстүрлерге ерекше мән берілгенін байқауға болады. 

Сондай-ақ, Тазабек қызына Құран үйреткен ұстазына қажылықтың бір түрі саналатын Умра сапарына жолдама сыйлаған. 

– Осы тойдан естелік болсын деп, Фатимаға Құран үйреткен ұстазы мен күйеуіне Умраға жолдама сыйлаймыз, – деді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал қазақстандық режиссер әрі актер Нұртас Адамбайдың жұбайы Ғалия Адамбай әлеуметтік желіде отб...

PESTEL

Қырғызстандағы «Ала-Арча» шатқалында қаза тапқан 14 жастағы Амир Кунакуновтың әкесі ұлын...