70 жылдан кейін Қазақстанға жолбарыстар қайта оралып жатыр: «Іле-Балқашқа» Амур жіберілді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
24

Қазақстанда жолбарыстарды тарихи мекеніне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. 31 қазанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына Амур есімді аталық жолбарыс жіберілді. Бұл – елімізде жабайы табиғатқа шығарылған екінші жолбарыс, деп хабарлайды  MadeniPortal.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның жабайы табиғатында жолбарыстар 70 жылдан астам уақыт бойы кездеспеген. Енді оларды қайта жерсіндіру бағдарламасы аясында жыртқыштар тарихи мекеніне біртіндеп оралып жатыр.

Биыл 31 шілдеде резерват аумағына Үміт есімді аналық жолбарыс жіберілген болатын. Ал Амур осы бағдарламаның келесі кезеңінде табиғи ортаға шығарылды.

Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров, сала мамандары, «Амур жолбарысы» орталығының өкілдері мен резерват қызметкерлері қатысты.

«Біздің басты мақсатымыз – осы жыртқыштарды тарихи мекеніне қайтарумен ғана шектелмей, олардың табиғи ортада өздігінен тіршілік етіп, көбейе алатын тұрақты популяциясын қалыптастыру», – деді министр.

Әлібек Қуантыров жолбарыстарды қайта жерсіндіру ұзақ жылдар бойы жүргізілген бірлескен жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті. Ол бағдарламаны жүзеге асыруға атсалысқан ресейлік мамандарға, Дүниежүзілік табиғат қорына және басқа да серіктестерге алғыс білдірді.

Мамандардың негізгі міндеті – жолбарыстардың жаңа ортаға бейімделуіне жағдай жасап, олардың табиғатта тұрақты популяциясын қалыптастыру.

АЙМАҚТАР

Қазгидромет қараша айының алғашқы аптасына арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасының хирургына жасалған шабуы...