Мәскеудің Преснен аудандық соты блогер Гусейн Гасановты қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды...
Ақтаулық соққыға жығылған дәрігер өз шындығын айтты (ВИДЕО)
видеодан алынған скрин
Қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасының хирургына жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді. Ол дәрігердің 20 жылдық еңбегін бір оқиғаға қарап жоққа шығаруға болмайтынын айтып, жағдайды әділ тексеруге шақырды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Сәрсенбаевтың сөзінше, хирург Исмаил Қанат Мағирович өзіне қатысты жағдайдың мән-жайын түсіндірген. Дәрігер баланы жұмыс ауысымының соңында 15 минут қарап, тексерулер тағайындағанын және кезекші мамандарға тапсырғанын айтқан. Ал науқас қайта келгенде қажетті талдаулар мен рентген ұйымдастырылған.
«Медицина – бірінші талап еткен сәтте баланы операция үстеліне жатқыза салатын қызмет көрсету саласы емес. Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамалары, тексерулер және медициналық көрсеткіштер бар. Мен дәрігер әрқашан дұрыс деп отырған жоқпын. Бұл жағдайды объективті түрде анықтау қажет», – деді белсенді.
Оның пікірінше, мұндай жағдайлар медицина қызметкерлерінің кәсіби беделіне кері әсер етуі мүмкін.
«Бүгін тәжірибелі хирургтің еңбегін жоққа шығарамыз, ал ертең мамандардың неге бұл кәсіптен кетіп жатқанына таңғаламыз. Әділдік эмоция мен жұдырыққа емес, нақты деректерге негізделуі керек», – деп жазды Сәрсенбаев.
Қоғам белсендісі оқиғаға эмоциямен емес, нақты деректер мен тексеру нәтижесіне сүйеніп баға беру қажеттігін атап өтті.