Негізгі түсірілім алаңы болады: Джеки Чан Маңғыстауда фильм түсіреді

Фото: Getty Images

КИНО
1110

Әлемдік кино жұлдыз Джеки Чан және режиссер Роберт Кун жаңа ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңы ретінде Маңғыстауды бекітті. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мәліметке сүйенсек, әлемдік актер табиғи ерекшелігі үшін фильмінің түсірілім орны ретінде Маңғыстау өңірін таңдаған.

Фильмнің Маңғыстауда түсірілуі Қазақстан киноиндустриясы үшін маңызды оқиға ретінде бағаланып отыр. Жоба еліміздің халықаралық кинематографиялық кеңістіктегі орнын нығайтып, өңірге инвестиция тартуға, сондай-ақ, креатив индустрия мен туризм әлеуетін дамытуға ықпал етеді, - деп жазылған хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...