Алматыда ер адам көпірден құлап көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1060

Алматының Бостандық ауданында қайғылы оқиға болды. Ер адам Президенттің бірінші паркіне қарама-қарсы орналасқан көпірден құлап, көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап. 

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарала бастады. Көз жұмған адам Аль-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысында орналасқан көпірден құлағаны айтылды. Алматы полиция департаментінде ер адамның қайтыс болғаны расталып, ҚР ҚК-нің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

«Бұл факті бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасымен қылмыстық іс басталды. Мотиві мен оқиғаның толық жағдайы анықталуда», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі хабарламасында.

Қосымша мәліметтер әзірге жарияланбады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) негізін қалаушы Нұрасыл Медеу оқу орнын мемлекетке сыйға б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы “Аяжан” жекеменшік клиникасында жалған медициналық құжаттар берілуі мүмкін де...