Президенттің тапсырмасымен “Бағанашылдағы” балалар үйі көшірілмейтін болды

Фото: видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1839

Алматы облысындағы Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан №1 балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді», - деп жазды Руслан Желдібай.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында бір тәулік ішінде үш ауыр жол-көлік оқиғасы тіркеліп, алты адам көз жұмды. Тағы төр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында балық аулауға шыққан екі ер адам мен бір әйел мұз астына түсіп кетіп, суға батып...