Көкшетау тұрғыны алаяқтарға 10 млн теңгеден астам ақшасын беріп қойған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
503

Көкшетау қаласының 59 жастағы тұрғыны өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қаскөйлердің сөзіне сенген әйел 10 млн теңгеден астам қаражатын жинап, келген курьерге қолма-қол берген.

Курьер кетіп қалғаннан кейін ғана әйел алаяқтардың арбауына түскенін түсініп, полицияға жүгінген.

Күдікті көп ұзамай Астанада ұсталды. Оның жанынан жәбірленушіге тиесілі ақша табылып, тәркіленді.

Полицияның мәліметінше, ер адамға Көкшетауға барып, белгілі бір пакетті алып кету туралы қоңырау түскен. Ол өзінің қылмыстық схемаға қатысып жатқанын білмеуі де мүмкін.

Қазір полиция күдіктінің осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде ер адам дәрігерге шабуыл жасап, оны мойн...

Шоу-бизнес

Танымал актер Бекжан Тұрыстың ұлы Мағжан Тұрыс шаңырақ көтерді. Жас жұбайлардың үйлену тойы ерекше ф...